Онлайн-семинар «әл-Машани А. Ж.-ғалым, жазушы, педагог»

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасы 2020 жылдың 6 сәуірінде Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «әл-Машани-көрнекті қазақ ғалымы, жазушы, педагог» тақырыбында онлайн – семинар ұйымдастырды. Семинардың мақсаты-ұлы Әл-Фарабидің еңбектерін зерттеуге үлес қосқан А. Машановтың ғылыми еңбектерін насихаттау.

Семинарға «География» мамандығының 3 курс студенттері Дандыбаев Ж., Құдабаев Д. белсенді қатысты. А. Бламбаева, А. Омарова әл-Машани, әл-Фараби туралы жазылған еңбектері туралы презентация дайындады.

Студенттер өздерінің баяндамаларында А. Ж. Машановтың өмірлік кезеңдерін, геолог-ғалым, геология ғылымындағы Қазақстандық геомеханика мектебінің негізін қалаушы, қазақ фантастикалық жанрының негізін қалаушы, ұлы философ, Шығыс ойшылы Әл-Фараби еңбектерінің мұрасын зерттеудегі қызығушылықтарын көрсетті. Студенттер семинар модераторлары К. Т. Баймаганбетова, Г. К. Баубековалармен бірлесіп баяндамаларды, презентацияларды талқылады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Онлайн-семинар «әл-Машани А. Ж.-ғалым, жазушы, педагог»