Дүйсенбі 8 сәуір күні физика-математикалық пәндер кафедрасының әдістемелік апталығы аясында зияткерлік ойын өткізілді және жыл сайын 12 сәуірде аталып өтетін Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күні мен Дүниежүзілік авиация және космонавтика күніне арналған. Ойын 6 кезеңнен тұрды: 1 – жаттығу (8 сұрақ), 2 – ғарышкер (8 сұрақ), 3 – бір сөзбен (14 сұрақ), 4 – Математика (6 сұрақ), 5 – Физика (6 сұрақ), 5 – Астрономия (6 сұрақ). Тапсырмалар екі тілде – мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылды және ғылымның әр түрлі жақтарын – ұлы ғалымдар, атаулы күндер, физикалық құбылыстар, қызықты фактілер қамтыды.

Ө. Султангазин атындағы Қостанай мемелекеттік педогогикалық университетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушысы Кубеев М.С жəне Белан О.Р сондай-ақ жаратылыстану математика факультетінің биология мамандығының 1 курс студенттері 08.04.2019 жыл уақыт аралығында 10-шы орта мектебінің 9-10 сыныптар арасында көп қабатты үйлердің кіре берістерін жəне алаңын көгалдандыру атты тренинг өткізілді. Бұл тренингте қолайлы экологиялық жағдай жасау мақсатында көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері туралы айтылды. 

2019 жылы 2 сәуір күні ҚМПУ конференц-залында Қазақстан Республикасының Тұңғыщ Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы аясында орындалып жатқан студент жастардың қызметі туралы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚМПУ аппарат басшысы Бекмағамбетов Р.К., факультет декандары мен декан орынбасарлары және студенттер қатысты. Жаратылыстану-математика факультетінің декан орынбасары Тауакелов Ч.А. «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 қараша 2018 жылға халыққа жолдауы аясында студент жастардың қызметі» туралы сөз сөйледі.

2 сәуір 2019 жылы жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 1 сәуір Халықаралық құстар күніне арналған іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шара 1-3 курс студенттері үшін "Фифи" бедвочерлер клубының белсенділерімен дайындалды. Іс-шараны дәстүр бойынша бедвочерлер клубын құрудың бастамашысы, экология және биология мәселелері ғылыми-зерттеу орталығының директоры, б.ғ.д., профессор Брагина Т. М. құттықтау сөзімен ашты. Жиналғандарды клуб кураторының орынбасары және ғылыми кеңесшілер Брагин Е. А., Валяева Е. А., Рулева М. М. қарсы алды.

2019 жылдың 29 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында “Bilimὀrkenietἰ” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Жылдың үздік студенті» республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Оқу барысына білім, ғылым, спорт, өнер саласына қосқан айрықша еңбегі үшін студенттер төс белгі және алғыс хатпен марапатталды. Республикалық байқаудың жеңімпазы және «Жас қыран» республикалық дарынды студенттердің кітап жинағына енгені үшін жаратылыстану-математика факультеті, «Химия» мамандығының 2-курс студенті Едрес Тоғжан Нұрланқызын шын жүректен құттықтаймыз!

2019 жылдың 29 наурызында жаратылыстану ғылымдары кафедрасы "Жас ұрпақтың ғылым мен білімдегі миссиясы: дәстүрлер, инновациялар" Аймақтық ғылыми-практикалық конференция аясында Қостанай қ. НЗМ ДББҰ "Педагогикалық шеберлік орталығы" ЖМ филиалының жаттықтырушыларымен бірге: А. Е. Мырзағалиева, Б. К. Сағадиева, Б. Ардабаева,К., О. В. Бурага "Мұғалімнің зерттеу дағдыларынан оқушының зерттеу дағдыларына" тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды және өткізді. Іс-шараға жаратылыстану-математика факультетінің 4 курс студенттері қатысты.

2019 жылы 28 наурызда жаратылыстану ғылымдары кафедрасы "Жас ұрпақтың ғылым мен білімдегі миссиясы: дәстүрлер, инновациялар" атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып, өткізді.Ол Алматы, Орал, Петропавл, Ақтөбе, Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларынан шыққан,өз қызметінің бағыты, нәтижесі мен болашағы туралы ашып көрсетуге тырысқан жас зерттеушілер – студенттер, магистранттар, жаңадан бастаған педагогтарды біріктірді. 

2019 жылғы 23 наурызда 4 курс студенттерінің өндірістік машықтануы аяқталды. Педагогика бойынша (Иванова Е.Н., Аканбаев Б.Н., Калиев Д.Д.), психология (Севастьянова С.С., Калиниченко О.В.) және кафедра әдіскерлері (Баубекова Г.К., Рулёва М.М., Брагин Е.А., Бородулина О.В., Кожмухаметова А.С., Омарова К.И., Баймагамбетова К.Т., Суюндикова Ж.Т, Коваль В.В., Божекенова Ж.Т., Загорулько В.В.) есеп құжаттарын тексергеннен кейін 29 наурызда машықтану нәтижелері қорытындалған конференция өткізілді.

2019 жылдың 19 наурызында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №2 Қостанай мамандандырылған балалар интернат – үйінде" мерекелік іс- шара «Қош келдің Наурыз!» өткізілді. Іс-шара куратор Ж. Т. Сүйіндікованың жетекшілігімен және Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің  "Биология" мамандығының 2 курс және "Химия" мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастырылуымен өткізілді.

2019 жылдың 14 наурызында жаратылыстану кафедрасында кураторлар Қ.Т.Баймағанбетова және А.С.Кожмухаметовамен бірге «География» мамандығының 3 курс студенттері Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырып, өткізді. Биология, Химия, География мамандығының 1 курс студенттері кураторлар М.А.Губенко, М.С.Кубеев, Г.А.Ручкина, Э.Б.Ахметовамен бірігіп, 8 қабаттың фойесінде киіз үйді безендерді. Мерекеде концерттік нөмірлер, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетілді. 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті