«Биология» және «География» мамандықтары 4 курс студенттерінің өндірістік машықтану нәтижелерін қорытындылау

2019 жылғы 23 наурызда 4 курс студенттерінің өндірістік машықтануы аяқталды. Педагогика бойынша (Иванова Е.Н., Аканбаев Б.Н., Калиев Д.Д.), психология (Севастьянова С.С., Калиниченко О.В.) және кафедра әдіскерлері (Баубекова Г.К., Рулёва М.М., Брагин Е.А., Бородулина О.В., Кожмухаметова А.С., Омарова К.И., Баймагамбетова К.Т., Суюндикова Ж.Т, Коваль В.В., Божекенова Ж.Т., Загорулько В.В.) есеп құжаттарын тексергеннен кейін 29 наурызда машықтану нәтижелері қорытындалған конференция өткізілді.

Биылғы жылы студенттеріміз қала мен облыстың 20-дан астам білім беру мекемелерінде машықтанудан өтті. Олар: «Қостанай қ. Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі», «Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» КММ, «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ және лицей мен гимназиялар.

Машықтанушылар пән мұғалімі мен сынып жетекшісі қызметтерін жақсы орындап шықты және нәтижесінде машықтану мекемедерінен жағымды мінездемелер алды.

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №115 орта мектебі» ММ, «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №10 орта мектебі» ММ машықтанудан өткен 5В011300 «Биология» мамандығының студенттері Қызылшілікова Алтыншаш, Сәрсенбай Таңшолпан, Мыңбосын Жазира, Бірлік Тәттігүл, Нұрмұханбет Назыкеш қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысқаны, сабақтарға дайындалу және өткізудегі жауапкершілігі үшін мектеп директорларынан алғыс хаттарымен және мадақтау қағаздарымен марапатталды (Искакова Ж.М., Раисова Р.Е.).

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Биология» және «География» мамандықтары 4 курс студенттерінің өндірістік машықтану нәтижелерін қорытындылау