8-Наурыз мерекесі қарсаңында «география» мамандығының студенттері жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушыларына өз құттықтаулары мен жылы лебіздерін арнады. Бұл күні студенттер мерекелік концерт ұйымдастырды: Дандыбаев Жангелді домбырада «Адай» күйін ойнады, Тобоволов Алмас өз жанынан шыққан «Нәзік жандылар» деп аталатын өлеңін. Кайратова Наргиза, Оразгали Айжан, Нұрқаділұлы Ғалымбек, Евжанова Мадина өздерінің қызықты ойындарымен оқытушылардың көңіл күйін көтерді.

Жаратылыстану-математика факультетінде 2019 жылдың 1-ші наурыз күнінде Қостанай қаласы мен аудандарынан бітіруші сынып түлектеріне арналып ашық есік күні болды. Түлектерге жаратылыстану-математика факультетінің деканы Шумейко Т.С., ҚМПУ-нің мансаптық жоспарлау және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің өкілдері, және аталған факультеттің меңгерушілері қатысып, сөз сөйледі. Қонақтарға кәсіптік білім беру мамандығының студенттерінің көркем шығармашылық көрмесі, информатика мамандығының студенттерінің еңбектері көрсетілді.

Болашақ мұғалімдер «Inn & Science Asia» ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған «Менің мамандығым – мұғалім» Республикалық қашықтық педагогикалық олимпиадасының арқасында өздерін жариялауға бірегей мүмкіндік алды. Шығармашылық жұмыстарды дайындау оқушыларға ерекше құбылыс болды: таныс және стандартты емес нәрселерді қайта қарау қажеттілігі туындады, өзін-өзі көрсетудің жақсы жолын іздестіру, шығармашылық ресурстар жарық қашықты, шығармашылық атмосферасы студенттерге ерекше әсер етті.

2019 жылдың 28 ақпанында жаратылыстану-математика факультетінде Жастар жылы аясында ҚМПУ-дың 80-жылдығына арналған «Біз – Ұлы Дала балалары» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойын факультет кафедраларындағы студенттер арасында Қостанай облысы және ҚМПУ тарихы туралы білімдерін арттыру мақсатында жүргізілді. Ойын барысыныда келесі сұрақтар қарастырылды: Қостанай облысы тарихы, қызықты оқиғалар, танымал тұлғалар мен дәстүрлер, Қостанай облысының географиясы, Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ және жаратылыстану-математика факультетінің қалыптасу, даму тарихы.

Жаратылыстану кафедрасының оқытушысы Шыңғыс Айдарғазыұлы Тауакеловтың  «Химия курсының оқу материалын оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сыныптан сыныпқа күрделендіру әдістемесін құру» тақырыбына жүргізген ашық сабағы қатысушылар тарапынан қызу талқылауға түсті. Семинар сабағы мектептің химия курсында бейорганикалық қышқылдарды оқыту мысалында спиральділік принципін көрсететін әдістеме құрастыруға арналды. Сабақтың техникалық жақсы жабдықталуы (презентация, бейнефрагменттер) жүргізілген демонстрациялық экспериментпен бірге қатысушыларда оның өткізілу сапасы туралы оң пікір қалдырды.

2019 жылдың 26 ақпанында биология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Брагинаның туған күнін атап өтті. Жаратылыстану кафедрасының студенттері мен оқытушылары құрметті қонақтар шақырылған салтанатты шара ұйымдастырып, өткізді. Олардың ішінде: академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Г.А. Мусабекова, ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор Н.А. Медетов, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ энтомологиялық мұражайының меңгерушісі Мариненко Т.Г. сонымен қатар жаратылыстану кафедрасының түлектері мен студенттері қатысты.

2019 жылдың 1-19 ақпан аралығында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану кафедрасы оқытушылары, атап айтсақ, б.ғ.д., профессор Т:М. Брагина, магистр, ғылыми және халықаралық қатынастар басқармасының ҒЗО басшысы М.А. Бобренко және биология магистрі, аға оқытушы М.М. Рулева халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама халықаралық жоба қатысушысы профессор Т.М. Брагинаның жәндіктерді зерттеуде инновациялық молекулярлық-генетикалық әдістері грантының меңгерілуі бойынша жүзеге асырылды. 

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік апталығында "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 15 ақпан күні аға оқытушы Ж. Т. Суюндикованың ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика факультетінің "Биология" мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен "Антропология тарихы мен теориясы" атты Алан Барнардтың кітабының тұсаукесері өтті. Тұсаукесерді өткізуінің мақсаты: студенттерді оқулықпен таныстыру, жас ұрпақты жалпы әлемдік зияткерлік құндылықтарға баулу және өскелең ұрпақтың білім деңгейін арттыруға ықпал ету.

2019 жылдың 14 ақпанында Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің мансапты жоспарлау және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі Солтүстік Қазақстан облысында кәсіби кеңес беру бойынша іс-сапар ұйымдастырды. Бұл іс-шараға жаратылыстану-математика факультетінің студенттері Оразғали Айжан («География» мамандығы), Люценко Ольга («Математика» мамандығы) қатысты. Габит Мүсірепов атындағы ауданда студенттердің Новоишимск туған ауылында, онда жоғары оқу орындарының өкілдерімен ауданның түлектері жиналды. Кездесуге 290 біруші түлектер қатысты.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік аптасы аясында 2019 жылдың 14 ақпаны күні «Мектепте химияны оқытуды жаңарту ісіне педагогикалық көзқарастар» атты семинар өткізілді. «Химия» пәні саласындағы білім беру ортасын жаңарту мәселелерін талдау үшін семинарға химия пәні мұғалімдері, бакалавр және магистр дәрежесін алу жолындағы студенттер, аталған кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жиналды. Воропаева О.Ю., физика-математикалық лицейдің химия пәні мұғалімі жаңартылған мазмұнды білім беру тұрғысынан химияны оқытудағы өз тәжірибесімен өте мазмұнды, жүйелі және көрнекі хабарлама арқылы бөлісті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті