Алан Барнардтың кітабының тұсаукесері "Антропология тарихы мен теориясы"
- Подробности
- Опубликовано: 15 февраля 2019
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік апталығында "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 15 ақпан күні аға оқытушы Ж. Т. Суюндикованың ұйымдастыруымен жаратылыстану-математика факультетінің "Биология" мамандығының 2 курс студенттерінің қатысуымен "Антропология тарихы мен теориясы" атты Алан Барнардтың кітабының тұсаукесері өтті.
Тұсаукесерді өткізуінің мақсаты: студенттерді оқулықпен таныстыру, жас ұрпақты жалпы әлемдік зияткерлік құндылықтарға баулу және өскелең ұрпақтың білім деңгейін арттыруға ықпал ету.
"Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласында Мемлекет басшысы "Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы жастарға әлемдік үздік үлгілермен оқуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұндай кітаптарды зерттеу жас ұрпақтың білім алуына ықпал етеді. Президент сондай-ақ "бұл бәсекелестік рухында тәрбиеленген қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудағы дұрыс қадам"екенін атап өтті.
Жоба бойынша аударылған кітаптардың бірі Алан Барнардтың "Антропология: тарихы мен теориясы" кітабы болып табылады. Антропология-адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ғылым. Автор түсіндірмесіндегі антропология тарихы ұлы ғылыми дебаттардың тарихи мәліметінің, теорияның генеалогиясын және антропологиядағы академиялық мектептердің дамуын ашады. Кітап антропология пайда болғанға дейін ғылыми танымның тарихи шолуының мәселелерін; эволюционизм; диффузионизм теориясы және мәдени аймақтар; функционализм және құрылымдық функционализм; әрекет-бағытталған теория; марксистік зерттеу; және қазіргі қалыптасатын көзқарастарды қамтиды.
Жаһандану дәуірінде барлық ағымдағы сын-қатерлер мен уақыт қатерін қабылдайтын жаңа ұрпақтың қалыптасуы аса маңызды болып табылады. Бұл үшін негізгі құрал – білім.