Юбилярды құттықтаймыз!

2019 жылдың 26 ақпанында биология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Брагинаның туған күнін атап өтті. Жаратылыстану кафедрасының студенттері мен оқытушылары құрметті қонақтар шақырылған салтанатты шара ұйымдастырып, өткізді. Олардың ішінде: академиялық жұмыс және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Г.А. Мусабекова, ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор Н.А. Медетов, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің энтомологиялық мұражайының меңгерушісі Мариненко Т.Г., ҚМПУ кәсіподақ комитетінің төрағасы Шалгимбекова А.Б., жаратылыстану математика факультетінің деканы Шумейко Т.С., физика-математика пәндері кафедрасының меңгерушісі О.С. Телегина, информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі Радченко Т.А., сонымен қатар жаратылыстану кафедрасының түлектері мен студенттері қатысты. Татьяна Михайловна өзінің ғылыми жұмысын белсенді түрде жалғастырып келеді, студенттердің, магистранттардың жобаларымен, конкурстық жұмыстардан көрінетін жастардың ғылыми әлеуетіне ерекше назар аударады және бұл әрдайым университетте бағаланады. Университеттің дамуындағы жетістіктері үшін «ҚМПИ құрметті профессоры» медалімен марапатталды.

Аудиторияда ән шашулармен, жылы лебіздермен және ду қол шапалаққа толы болды.

Татьяна Михайловнаны шын жүректен құттықтаймыз, оған зор денсаулық және жұмысына толағай табыстар тілейміз!

Фотогалерея

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз