Химияны оқытуды жаңартудың сәттілігі – өз қолымызда!

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының әдістемелік аптасы аясында 2019 жылдың 14 ақпаны күні «Мектепте химияны оқытуды жаңарту ісіне педагогикалық көзқарастар» атты семинар өткізілді.

«Химия» пәні саласындағы білім беру ортасын жаңарту мәселелерін талдау үшін семинарға химия пәні мұғалімдері, бакалавр және магистр дәрежесін алу жолындағы студенттер, аталған кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жиналды.

Воропаева О.Ю., физика-математикалық лицейдің химия пәні мұғалімі жаңартылған мазмұнды білім беру тұрғысынан химияны оқытудағы өз тәжірибесімен өте мазмұнды, жүйелі және көрнекі хабарлама арқылы бөлісті. Ол «біздің өміріміздің кез келген саласындағы, әсіресе білім беру саласындағы сапалық өзгерістер мұғалімнің оқу процесіндегі өзінің орны мен рөліне деген жаңа көзқарасын қалыптастырмайынша, мүмкін емес. Мұғалімдер оқытудағы компетенцияны дамытуға бағытталған идеяларды ескере отырып, жаңартылған білім берудегі, оқыту технологиясындағы, бағалаудың заманауи формаларындағы мақсаттар мен міндеттерді ой елегінен өткізбей, сапалық өзгерістерді жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес», - деп атап кетті.

Нугуманова К.А., «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының химия пәні мұғалімі және жаратылыстану-математика ғылымдары кафедрасының меңгерушісі STEM-білім беруді заманауи интеллектуалды техносфера платформасы ретінде ұсынып, таныстырды, сонымен қатар хемоинформатикадағы өзінің жұмыс тәжірибесін көрсетті.

Рябуха Е.В., Феоктистова Т.В., Баймухамедова Н.А. тәжірибесі мол мұғалімдер ретінде химия сабақтарында әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін арттыру жолдарына тоқталып өтті. Логвиненко О.О., Струговщикова М.С., Сатбекова Ж.М. сияқты жас педагогтар өзара қарым-қатынас педагогикасын, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалануға аса назар аударады.

Губенко В.В., ҚМПИ 2017 жылғы түлегі, қазір Қостанай қаласының № 1 мектеп-лицейінің мұғалімі университетте іске асырылып жатқан «Мен – стажер» тьюторлік жобасына қатысу аясындағы жетістіктерімен бөлісті. Стажер-мұғалімге менторлар – химия ғылымдары кандидаты, профессор Абдыкаликова К.А және педагогика.ғылымдары кандидаты, қауымдастырылған профессор Важева Н.В. жетекшілік етеді. Мұндай тәлімгерлік жұмыс жас мұғалімнің өз қызметін шығармашылық тұрғыдан көрсете білуіне, кәсіби өсуіне жағдай жасауға бағытталған.

Семинарға қатысқан мектеп мұғалімдері өздері оқыған университет қабырғасында өзара пікір алмасуға мүмкіндік жасалғаны және одан әрі қарай қарым-қатынаста болу перспективасының айқындалғаны үшін алғыс білдірді.

Семинар модераторы, педагогика ғылымдары кандидаты,
қауымдастырылған профессор Чернявская О.М.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Химияны оқытуды жаңартудың сәттілігі – өз қолымызда!