Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетіне біздің көрнекті қайраткеріміз Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің есімінің берілуін үлкен жауапкершілікпен қабылдады. Оқушылар мен мұғалімдерге, ғалымның өмірбаяны туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік беретін бірқатар іс-шаралар өткізілді. Осылайша, «Химия» және «Биология» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері «ЖАҢА АТПЕН - ЖАҢА ЖЕТІСТІККЕ!» кураторлық сағатының қатысушылары болды.

2018 жылдың 28 қарашасынан 5 желтоқсанына дейінгі аралықта Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-де «Сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында барлық мамандықтардың түлектері үшін «Күнделік» ААЖ бойынша оқыту семинарлары өткізілді. «Күнделік» жүйесі - бірыңғай электрондық білім беру ортасы сонымен қатар онлайн күнделік мұғалімдер, ата-аналар мен оқушыларға арналған журнал. Семинарларды информатика, робототехника және компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі Радченко Т.А жүргізді.

30 қараша күні «Химия» мамандығының студенттеріне Н.Ә. Назарбаевтың жаңа мақаласына сәйкес «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Біздің жеріміз - көптеген материалдық мәдениет объектілерінің пайда боған орны екені, біздің мамандық студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстан тарихы туралы, халықтың рөлі және қазақ даласының адамзатқа сыйлаған ұлы жаңалықтары туралы жан-жақты әңгіме болды. Біз Қазақстан тарихының жекеленген фрагменттермен емес, қазіргі ғылымның биіктігінен түсінілуі керек деген тұжырымдарды қабылдаймыз. «Бұл мәселелердің барлығы жақсылап ойлануды қажет етеді. Олар біздің дүниетанымымыздың негізі, және халықтың өткені, бүгіні және болашағына қатысты».

2018 жылғы 29 қарашада ЖМФ Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «География», «Биология» мамандықтары 1-3 курс студенттерінің қатысуымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылау мақсатында кураторлық сағат өткізілді. Бұл кураторлық сағаттың мақсаты мақалада руxани жаңғырудың жалғасы іспетті ұлт тариxының бастаулары, Ұлы Дала өркениеті, түркі әлемінің генезисі, түркілердің адамзат тариxына қосқан сүбелі үлесі сияқты маңызды тақырыптармен бірге оларды жүзеге асырудың да нақты жолдарымен танысу.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті (Жаратылыстану-математика факультеті, Жаратылыстану ғылымдарының кафедрасы) қатысатын, «Ауылшаруашылық ресурстарын тұрақты түрде қолдану үшін инновациялар мен Оңтүстік-Батыс Сібірдің (ReKKS) және Қазақстанның құрғақ далаларындағы климатқа бейімделуі» пәнаралық халықаралық ғылыми жобасы «КЛИЕНТ II – тұрақты инновацияларға арналған халықаралық серіктестік» МББФ қаржыландыру шарасының бір бөлігі болып табылады.

Суық ауа-райының басталуымен құстар үшін қиын кезең басталады, бұл кезде қанаттылардың көбісі төмен температуралардың кесірінен емес, аштықтан қаза табады. Жыл сайын ҚМПУ Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының Биология және экология мәселелері ғылыми-зерттеу орталығының негізінде «Бедвочерлер» студенттік тобының мүшелерімен кафедрасында «Құстарды қыста тамақтандырыңыз» акциясы өткізіледі.

2018 жылы 22 қарашада оқытушылар Баймаганбетова К.Т., Баубекова Г.К., ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының 2,3 курс студенттері Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырған Қазақстан ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ғалым, геолог, геологиялық-минералогиялық ғылым докторы, профессор, жазушы, Қазақстан ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Ақжан әл-Машаниге арналған ««Ақжан әл-Машани» сериясының тұсаукесері» іс-шарасына қатысты.

Жаратыластану – математика факультеті, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» мамандығының студенттері 2018 жылдың 22 қарашасында Рудный индустриалдық институты ұйымдастырған Халықаралық Жастар ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференцияның мақсаты – жастарды Қазақстан Республикасының экономикалық өсудің жаңа моделіне көшу мәселелерін қарауға тарту. Ғылыми-практикалық конференция бағдарламасы 4 секцияның жұмысын қамтыды, онда Қазақстанның үшінші жаңғыруына жастар әлеуетінің қосатын үлесі жайлы талқыланды.

2018 жылдың 21 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тапқыр саяхатшы географтар» атты ителектуалдық квест өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырған география магистрі Баймаганбетова Б.Б. Ойынның қатысушылары «География» мамандығының 2 және 3 курс студенттері болды. Берілген географиялық квесттің өткізілуі студенттердің интелектуалдық потенциалын, географиядағы білімдерін анықтауға және шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталды.

2018 жылдың 21 қараша күні жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 5В011300 – Биология, 5В011200 – Химия мамандықтарының студенттерінің химия ғылымдарының докторы, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінң профессоры Владислав Олегович Козьминыхпен кездесуі өтті. Кездесу мақсаты органикалық синтез кезінде алынатын жаңа қосылыстардың құрылысы мен физика-химиялық қасиеттерін зерттеу үшін физика-химиялық әдістердің маңызын көрсету болды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті