Профессормен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2018
2018 жылдың 21 қараша күні жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 5В011300 – Биология, 5В011200 – Химия мамандықтарының студенттерінің химия ғылымдарының докторы, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінң профессоры Владислав Олегович Козьминыхпен кездесуі өтті.
Кездесу мақсаты органикалық синтез кезінде алынатын жаңа қосылыстардың құрылысы мен физика-химиялық қасиеттерін зерттеу үшін физика-химиялық әдістердің маңызын көрсету болды.
«Синтездік және структуралық органикалық химия облысындағы химиялық білім беру және ғылыми зерттеулер: негізгі бағыттары, жетістіктер және перспективалары» атты тақырыпқа дәріс оқылды, сонымен қатар энтомологиялық зерттеулер бойынша әңгіме жүргізілді. Оған биология ғылымдарының докторы Брагина Татьяна МихайловнажәнеКозьминых Владислав Олегович (әуесқой-энтомолог) қатысты.
Профессор студенттерге өз университетінде энтомология, химия салаларында жүргізілетін ғылыми зерттеулер туралы айтты. Атап айтқанда, жаңадан синтезделетін органикалық қосылыстарды зерттеу үшін әртүрлі физика-химиялық әдістердің (ЯМР, ИК, УФ-спектроскопия, масс-спектрометрия, хроматомасс-спектрометрия және т.б.) қолданылуын көрсетті. Аталған университет химик-ғалымдары зерттеулерінің нәтижелері негізінен Scopus компаниясының басылымдарында жарық көретіні атап көрсетілді. Лектор жүргізілетін зерттеулердің кейбір нақты жақтарына толығырақ тоқталып кетті.
Профессордың дәрісіне студенттер үлкен қызығушылық танытты және бірқатар сұрақтар қойылып, жауап алынды. Осы университетпен болашақта қарым-қатынас орнату жөнінде де әңгіме болды. Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының кейбір оқытушыларын Пермь университетіне аспирантураға жіберу туралы ұсыныстар жасалды.