12 сәуірде Астана қаласында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Білім және ғылым-2018» атты студенттер мен жас ғалымдардың 13-ші халықаралық ғылыми конференциясында «Информатика» мамандығының 2, 3, 4 курс студенттері конференцияға қатысты және баяндама жасады. Тақырыптары: Сабит З. - «Қысқа метражды мультфильмдерді жобалау және жасау технологиясы»; Смаилова Э. - «Қашықтықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жолдары»; Зиятов А. - «Android жүйесінде «INFO teacher» қосымшасын жасау»; Аманжол Б. - «Қазақ тілін үйретуге арналған электронды оқулық»; Байбосынова А. – Macromedia Flash ортасында бастауыш мектеп оқушыларына қосымша жасау.

2018 жылдың 11 сәуірінде жаратылыстану ғылымдары кафедрасының 814 аудиториясында сағат 11.30-да оқытушылар және 1-3 курс «Биология», «География» мамандығының студенттері "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертхана (КДЗ) «Олимп» өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесудің тақырыбы: «Жыныстық жолмен берілетін аурулар және «Витаминдерің маңызы мен адам ағзасына әсері». Дәрігер-эпидемиолог Байменова Сауле Ануарбекқызы және менеджері Нургельдиев Талғат Айсенұлы өте түсінікті және қызықты түрде салауатты өмір салтының маңыздылығын айтып, жастар арасында жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, дәрумендер мен құрамында дәрумендер бар бар тағамдардың маңызын айтты.

9 сәуірде сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін 4 қабаттағы залда «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер ұйымдастырған «Макетон-2018» дәстүрлі мастер-класс өткізілді: С.Комиссаров, Д.Әбдімоминова Шагияхметова Л.М. Жигитов А.Б. Мастер-класс «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша ҚМПУ-нің түрлі мамандықтарының студенттерін таныстыру және таныстыру мақсатында оқу интерактивті түрде ұйымдастырылды. Workshop - та «Жану», «Квиллинг», «Ағаш өңдеу бойынша токарлық станоктар», «Қолда бар материалдармен жұмыс істеу» сондай-ақ, «Білім беру Робототехника»: бұрыштарын ұйымдастырылды. Жұмыс аймақтары тиісті құралдармен жабдықталған.

2018 жылдың 5 қаңтарынан 30 наурызына дейін «Сандық Қазақстан» әлеуметтік жобасының аясында зейнеткерлік жастағы еңбек ардагерлеріне арналған курстар өткізілді. 10 адам сертификат алды. Курстар М.Горький атындағы гимназияда өткізілді. Зейнеткерлер үшін арналған әлеуметтік жоба Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті және қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп жасалды. Тыңдаушылардың негізгі көмекшілері информатика пәнінің оқытушылары Даулетбаева Г.Б., Айтбенова А.А., Цыганова А.Д. және жаратылыстану-математикафакультетінің «Информатика» мамандығының 1 курс студенттері (қазақ, орыс, көптілділік) болды.

30 наурызда жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 4 курс студенттері өткен педагогикалық машықтану қорытындыларын шығаруға арналған конференция өткізілді. 15 қаңтар мен 24 наурыз аралығында оннан артық білім беру мекемелеріне 33 студент бағытталды. Өндірістік машықтану биылғы жылғы түлектердің өміріндегі маңызды кезең болып саналады. Себебі мұғалімге биологияны оқыту және жастарды тәрбиелеуде қажет кәсіби дағдыларды жетілдіруге жәрдемдеседі, студенттердің мұғалім мамандығына қызығушылықтарын оятады, биолог-маманның қызметтерін орындауға бағытталған өзіндік және шығармашыл амал-тәсілдерін дамытады.

1 сәуір барлық әлемде ресми түрде «Құстар күні» болып табылады. Жыл сайын ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасында аталған мерекеге арналған іс-шаралар өткізіледі. Биылғы жыл да бұл дәстүр өз жалғасын тапты. 29 наурызда оқытушылар Брагина Т.М., Брагин Е.А., Рулева М.М., Бобренко М.А. және «Фмфи» бедвочерлер клубының белсенді мүшелері «Құстар күні-2018» іс-шарасы өткізілді. Мерекені ашу құрметі дәстүрлі түрде ҚМПИ ЭБМ ҒЗО директоры, бедвочерлер клубының тәлімгері – Брагина Т.М., клубтың ғылыми кеңесшісі Брагин Е.А. және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Ручкина Г.А. берілді.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті Важева Н.В. наурыздың 26-шы күні  5В011200 – Химия мамандығының 3 курс студенттері ушін биохимия пәнінен «Репликация – ДНҚ-матрицадағы ДНҚ биосинтезі» тақырыбына ашық дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы жасушалардың бөлінуі кезінде тұқым қуалаушылық ақпараттың брілу процестерімен байланысты, яғни тірі дүниенің ең сырлы ішкі құпияларын қарастырады. Дәріс ДНҚ биосинтезі мәселесін студенттермен бірге талдау түрінде өткізілді.

2018 жылғы наурыз айының 19 жұлдызында ҚМПУ жаратылыстану-математика факультетінде Наурыз мейрамын тойлауға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Мерекелік бағдарламаны ұйымдастыру жауапкершілігі ең дарынды және тапқыр студенттердің мойнына жүктелді. Аудитория ортасында киіз үй орнатылып, ішінде керемет көктемгі атмосфера мен жайлылық орын алды. Актерлік қабілеттері жоғары үздік студенттер Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлауға арналған көріністер ойнатып, көрермендерге жайдары көңіл күй сыйлады.

«Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылған «Кәсіптік оқыту» 3 топ студенттері кураторы Абдимоминова Д.К. бірге кафедра төңірегінде наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің әз наурыз!» атты ашық куратор сағаты болып өтті. Куратор сағатының басты мақсаты: Студенттерге қазақтың   ұлттық мейрамы-Наурыз туралы ұғым түсініктерін кеңейту,ұлттық салт-дәстүр негізінде, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұжымдағы бірлікті арттыру.

ҚМПИ Жаратылыстану-математика факультеті «Биология», «География» мамандықтарының студенттері 2018 жылдың 13 наурыз күні А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аграрлық-биология факультеті бтология және химия кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген«Қазіргі биологияның теориясы мен практикасы, методологиясы» студенттер мен жас ғалымдардың III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция жұмысына Қазақстанның қалалары, таяу және қиыр шетелдердің ЖОО және ғылыми-зерттеу орталықтарының 140-тан аса өкілдері қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті