2017 ж. 6 желтоқсанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының 814 дәрісханасында 5B011300 - биология және 5B011600 – география мамандықтарының 2 және 3 курс студенттерінің арасында пәндік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты – болашақ мамандарды дайындау сапасын анықтау, оқудың теориялық және практикалық процестерінде алған білім мен біліктілігін бекіту және тереңдету, шығармашылық өсуін ынталандыру, дайындау пофилі бойынша дарынды және талантты студенттерін анықтау, болашақ дарынды мұғалімдерін анықтау. Осы ісшараның модераторлары болып тағайындалған жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары - Ручкина Г.А., Баубекова Г.К., Божекенова Ж.Т., Рулёва М.М., Баймаганбетова Б.Б., Загорулько В.В. Олимпиадаға қатысқан 34 студент.

2017 жылы 30 қарашада жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Саяхат» өлкетану клубы жоспарына сәйкес география магистрлері, оқытушылар Коваль В.В., Загорулько В.В, Жусупова А.У. жетекшілігімен «Современные топонимические переименования: плюсы и минусы» тақырыбындағы дискуссиялық-зияткерлік ойыны өткізілді. Дебатқа «География» мамандығының 1-4 курс студенттері: Печоркина Марина, Сарханов Владимир, Абатова Азиза; «Биология»: Гаджиева Севиль, Карпова Карина; «История»: Жанглыш Абылай қатысты.

2017 жылғы 29 қарашада жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Жалпыәлемдік Бедвочерлер Күніне арналған экологиялық іс-шара өткізілді. Бердвочинг – экотуризмнің бір түрі, адамдар биноклбдің көмегімен немесе жай ғана құстардың сыртынан бақылайтын әуесқойлық. Бедвочерлер өздерін екі түрге бөледі. Біріншілері – кәсіпқойлар, олар орнитология саласында белгілі бір білімге ие. Олар үшін бердвочингтің ғылыми бағыты маңызды.

2017 жылдың 28 қарашасы күні сағат 12.00–де 308 аудиторияда Информатика мамандығының 1 және 3 курстарының қазақ бөлімдерінде 1-желтоқсан күні мерекесіне арналған «Тұңғыш Президент күні» атты кураторлық сағат өткізілді. «Тұңғыш Президент күні» куратор сағатының басты мақсаты: «Информатика» мамандығының студенттеріне тұңғыш Президенттің қолбасшылық қасиетін уағыздау, студенттердің бойына Президенттің отан сүйгіштігін, данышпандылығын, ізеттілігін сіңіру. Студенттердің назарына арнайы дайындалған тұсаукесер, Елбасы туралы бейнеролик ұсынылды.

2017 жылдың 23 қарашасында Жаратылыстану-математика факеультетінде ҚР ЖҚТБмен күресу Әлемдік Кампаниясының аясында «Денсаулық сақтау құқығы» атты семинар-тренингі өтті. Бұл іс-шара АҚТҚ / ЖҚТБ жастардың назарын аудару, білімдерін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатымен өткізіліп отыр. Денсаулық – адамның ең қымбат құндылығы, оны сақтау және жақсарту әрбір адамның өз қолында. Аталмыш іс-шараның шақырылған қонақтары студенттерге АҚТҚ мен ЖҚТБ берілу және таралу жолдары туралы, бұл аурулардың алдын алу мүмкіндіктері туралы баяндады.

2017 жылдың 23 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің Химия мамандығының шәкірттері мен оқытушыларымен Ұлт Көшбасшысы – Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» мақаласын талқылау іс-шарасы өткізілді. Қоғамдық сананы жаңғырту мәселесі өзекті тақырыпқа айналды. Пікірталас барысында білім берудің гуманистік қызметі және технократия дәуірінің мүмкіндіктері жайында сөз қозғалды. Студенттер мен олардың тәлімгерлері білім беру жүйесінің жаңалықтарын белсенді талқылады.

Жаратылыстану кафедрасында 2017 жылдың 10 қазан күні «Мұғалімдерді кәсіби бағдарлау» пәні бойынша «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында ашық дәріс сабағы аға оқытушымен Баубекова Г.К. өтті. Ашық дәріс сабағына жаратылыстану кафедрасының Кожмухаметова А.С., Суюндикова Ж.Т., Баймаганбетова К.Т. мұғалімдері қатысты. Дәріс оқу барысында лектор жаңа әдістерді қолданды (диолог, әңгімелесу, ізденіс жұмыстары, жаңа технологиялық әдістерді сыни тұрғыдан ойлау). Дәріс сабақтың мақсаты – негізгі теориялық ережелерді меңгеру, қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі бағалау түрлері, оқыту шеңберіндегі модуль бойынша бағалау критерийін жасай білу.

Қостанай қаласында орналасқан «СевКазнедра» АД геологиялық мұражайымен ҚМПИ Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ынтымақтастық келісім шарт негізінде география мамандығы 1-курс студенттері 2017 жылы 6 қарашада «Саяхат» клубы жұмысының жоспарына сәйкес оқытушылар, география магистрлері А.У.Жусупова және Б.Б.Баймаганбетова жетекшілігімен және клуб активтері география мамандығы 3-курс студенттерімен экскурсияға барды. Экскурсияның мақсаты - Қостанай облысының пайдалы қазбалары мен тау жыныстары,минералдарының әр түрлігімен студенттерді таныстыру.

Жаратылыстау-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 2017 жылдың 6-шы қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазіргі кездегі білім беру және жаратылыстану ғылымдары бойынша білімділік» атты дөңгелек стол іс-шарасы өткізілді. Мақсаты – жаратылыстану пәндері бойынша орта білім берудің жаңартылған бағдарламасы бойынша кейбір сұрақтарды талдау. Міндеттері – кафедра оқытушылары мен жоғары курс студенттерінің жаңартылған бағдарламаны талдау жұмысын ұйымдастыру, мектептің химия сабақтарында оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту әдістерін саралап, өз пікірлерімен бөлісу.

2017 жылдың 2 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану кафедрасында «Мәңгілік ел» бағдарламасының төңірегінде «Қазақстанның қазіргі білім жүйесі және оның орындалуы» атты методикалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты- орта мектептің жаңартылған бағдарламасының төңірегінде, жаратылыстану ғылымдарының-биология, география, химия, типтік оқу жоспарына енгізілген өзгерістерді талқылау. Семинарға Қостанай облысы және қаласының білім беру мекемелерінің мұғалім-практиканттары шақырылды (А.М.Горький атындағы гимназия, ҚМУ дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты, М.Қозыбаев атындағы №23 мектеп).

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті