5B011300 - Биология және 5B011600 – География мамандықтары бойынша пәндік олимпиаданың іріктеу кезеңі
- Подробности
- Опубликовано: 06 декабря 2017
2017 ж. 6 желтоқсанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының 814 дәрісханасында 5B011300 - биология және 5B011600 – география мамандықтарының 2 және 3 курс студенттерінің арасында пәндік олимпиаданың іріктеу кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты – болашақ мамандарды дайындау сапасын анықтау, оқудың теориялық және практикалық процестерінде алған білім мен біліктілігін бекіту және тереңдету, шығармашылық өсуін ынталандыру, дайындау пофилі бойынша дарынды және талантты студенттерін анықтау, болашақ дарынды мұғалімдерін анықтау.
Осы ісшараның модераторлары болып тағайындалған жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары - Ручкина Г.А., Баубекова Г.К., Божекенова Ж.Т., Рулёва М.М., Баймаганбетова Б.Б., Загорулько В.В. Олимпиадаға қатысқан 34 студент.
Биологияның тапсырмалары 3 бөлімнен тұрды: 1. Студенттерге төрт жауаптан тек бір жауапты ғана талап ететін тест тапсырмалары ұсынылды; 2. Бірнеше жауап талап ететін тест тапсырмалары; 3. сәйкестендіруді талап ететін тест тапсырмалары. Географяның сұрақтары да әртүрлі үш деңгейлі тапсырмалардан тұрды: тест, теориялық және аналитикалық тапсырмалары.
Олимпиаданың нәтижесінде Бірінші орын алғандар – Симонова Раиса (3 курс, орыс бөлімі, «Биология») және ұпай сандары бірдей болған «География» мамандығының үш студенті – Морозова Юлия (3 курс, орыс бөлімі), Дерляин Вероника (3 курс, орыс бөлімі), Сальманов Бекзат (2 курс, қазақ бөлімі); Екінші орын – Потыканенко Надежда (2 курс, көптілді бөлімі, «Биология») және Жаксыбаева Айжан (3 курс, көптілді бөлімі, «География»); Үшінші орын – Арцыбашева Виктория (3 курс, орыс бөлімі, «Биология») және Темиргалиев Медет (2 курс, қазақ бөлімі, «География»).
Пәндік олимпиаданың қатысушылары тәжірибе жинап, біліктілігін жетілдіріп, сонымен бірге болашақ жеңістерге сенімдерін арттырады!