«География» мамандығы студенттерінің геологиялық мұражайға экскурсиясы
- Подробности
- Опубликовано: 06 ноября 2017
Қостанай қаласында орналасқан «СевКазнедра» АД геологиялық мұражайымен ҚМПИ Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ынтымақтастық келісім шарт негізінде география мамандығы 1-курс студенттері 2017 жылы 6 қарашада «Саяхат» клубы жұмысының жоспарына сәйкес оқытушылар, география магистрлері А.У.Жусупова және Б.Б.Баймаганбетова жетекшілігімен және клуб активтері география мамандығы 3-курс студенттерімен экскурсияға барды.
Экскурсияның мақсаты - Қостанай облысының пайдалы қазбалары мен тау жыныстары,минералдарының әр түрлігімен студенттерді таныстыру. 1956 жылдан бастап Қостанай облысы базасында геология және жер қойнауын пайдалану Солтүстік Қазақстан департаментінде «Севказнедра» геологиялық мұражайы құрылды. Мұражай геологиялық коллекциялық материалдарды сақтау және есепке алу мақсатында құрылды. Экспонаттар 50 витринаға орналастырылған және 5 бөлім бойынша жүйеленген.
- Аймақтық геология;
- Пайдалы қазбалар;
- Минералогия, петрография және палеонтология бойынша оқу-жүйелік коллекциялар;
- Зергерлік-әшекейлік және қапталмалы тастар;
- Кәде сыйлар.
Мұражай меңгерушісі Вера Петровна студенттерге геологиялық, палеонтологиялық материалдар үлгілерін көрсетіп, әңгімелеп берді. Әулиекөл ауданында өндірілген мұнай сынамасы студенттердің көңілін аударды. Бірінші сынама 1961 жылы, екінші сынама 2013 жылы алынған болатын. Сонымен қатар, Торғайдағы Күшік жерінде табылған төменгі миоцендегі флора мен фаунаның коллекциялары бірегейлігімен қызықтырды. Бұл Қазақстандағы флора мен фаунаның бірден-бір жерорта теңіздік типі болып табылады.
Геологиялық мұражайда сақталған материалдардың ғылыми әлеуеті жоғары, өлкетанулық, оқу материалдарына өте бай, сондықтан, «Саяхат» клубы шеңберінде 1-курс студенттерімен «Қостанай – алтын бесігім» атты әлеуметтік жоба құрылды.
Экскурсияда студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Жерқойнауындағы аса зор минералдардың, тау жыныстарының әр түрлілігі студенттердің үлкен қызығушылығын оятты.