«Қазақстанның қазіргі білім жүйесі және оның орындалуы» методикалық семинары

2017 жылдың 2 қарашасында жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану кафедрасында «Мәңгілік ел» бағдарламасының төңірегінде «Қазақстанның қазіргі білім жүйесі және оның орындалуы» атты методикалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты - орта мектептің жаңартылған бағдарламасының төңірегінде, жаратылыстану ғылымдарының-биология, география, химия, типтік оқу жоспарына енгізілген өзгерістерді талқылау.

Семинарға Қостанай облысы және қаласының білім беру мекемелерінің мұғалім-практиканттары шақырылды (А.М.Горький атындағы гимназия, ҚМУ дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты, М.Қозыбаев атындағы №23 мектеп). А.М.Горький атындағы гимназияның география пәнінің мұғалімі Мукева Р.Ж.-ның айтуынша,қазіргі білім беру процесі педагогикалық теория мен практиканың негізгі өзгерістерімен түсіндіріледі. Ол жаңартылған оқу бағдарламасын қолдану кезіндегі мектеп мұғалімдері жиі кезігетін мәселелер мен қиындықтар(жаңа форматтағы оқулықтар,бағалаусыз оқыту,ата-аналардың уайымдауы,  өткізілуі,жеке пәндер бойынша материалдық база) жайында баяндады. А.М.Горький атындағы гимназияның биология пәнінің мұғалімі Гевел Н.В. семинарға қатысушыларға биология оқулығының мазмұнымен және құрылысымен таныстырды. Оқулықтағы тақырыптар спиральды формада жеткізілген және 6-10 сынып аралығындағы тақырыптар кіріктірілгендігін басып айтты. ҚМУ дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі Нугманова К.А.-өз мектебінің жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша педагогикалық тәжірибиелерімен бөлісті,және электронды журналмен жұмыс істеу алгоритімімен,сабақтағы қарым-қатынастардың әр түрлі формасымен,мектептегі үштілділіктің дамуымен таныстырды. Баяндамалар сұрақтар қоюмен және талқылаулармен жалғасын тауып отырды.

Семинарға ОӘК бастығы Чернявская О.М., ЖМФ деканы Сухов М.В., кафедра ПОҚ- Ручкина Г.А., Валяева Е.А., Рулева М.М., Божекенова Ж.Т., Баймаганбетова К.Т., Дмитрийчук В.В., сонымен қатар, «География», «Биология» мамандықтарының орыс және полияз топтарының студенттері қатысты. Методикалық семинардың ұйымдастырушылары-аға оқытушы,педагогика магистрі Баубекова Г.К. және оқытушы, география магистрі Дмитрийчук В.В.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Қазақстанның қазіргі білім жүйесі және оның орындалуы» методикалық семинары