«Бедвочер болып тумайды – бедвочер болып қалыптасады»
- Подробности
- Опубликовано: 29 ноября 2017
2017 жылғы 29 қарашада жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Жалпыәлемдік Бедвочерлер Күніне арналған экологиялық іс-шара өткізілді.
Бердвочинг – экотуризмнің бір түрі, адамдар биноклбдің көмегімен немесе жай ғана құстардың сыртынан бақылайтын әуесқойлық.
Бедвочерлер өздерін екі түрге бөледі. Біріншілері – кәсіпқойлар, олар орнитология саласында белгілі бір білімге ие. Олар үшін бердвочингтің ғылыми бағыты маңызды. Екіншілері үшін құстардың сыртынан бақылау эстетикалық ләззат алатын әуесқойлық болып табылады. Біріншілері назарының көп білігін қымбат фототехниканы сатып алуға бөлетін болса, екіншілері қаражаттарын сирек экзотикалық құстарды көріп тамашалауға болатын жерлерге саяхат жасауға жұмсайды.
Жоғарыда аталған іс-шараның мақсаты «Биология» мамандығының шәкірттері арасында бердвочингті насихаттау болып табылады.
«Бедвочер күні» студенттердің әлеуметтік жобаларын орындау (жетекшісі Рулева М.М.) және «Фифи» студенттік бедвочерлер клубының жұмысы аясында (Брагина Т.М., Брагин Е.А., Валяева Е.А.) «Биология» мамандығының 1 курс орыс және көптілдік бөлімдерінің шәкірттерімен ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараға «Биология» мамандығының 1-ші және 3-ші курс шәкірттері қатысты. Аталмыш іс-шара 4 топтың арасындағы сайыс түрінде өткізілді.
Қатысушыларға 6 түрлі тапсырма ұсынылды: сөзжұмбақтарға жасырылған құстардың атауларын табу, құстардың түрін сипаттайтын ерекше белгісі бойынша анықтау, «Сиқырлы төртбұрыш» және т.б.
Ұпайлардың толық саны бойынша жеңісті 3-ші курс топтарының бірі иеленді. Студенттер құстар жіктелуінің және орнитология негіздерінің керемет білімдерін көрсете білді.