Тақырыбындағы дискуссиялық-зияткерлік ойыны
- Подробности
- Опубликовано: 30 ноября 2017
2017 жылы 30 қарашада жаратылыстану ғылымдары кафедрасында «Саяхат» өлкетану клубы жоспарына сәйкес география магистрлері, оқытушылар Коваль В.В., Загорулько В.В, Жусупова А.У. жетекшілігімен «Современные топонимические переименования: плюсы и минусы» тақырыбындағы дискуссиялық-зияткерлік ойыны өткізілді. Дебатқа «География» мамандығының 1-4 курс студенттері: Печоркина Марина, Сарханов Владимир, Абатова Азиза; «Биология»: Гаджиева Севиль, Карпова Карина; «История»: Жанглыш Абылай қатысты.
Әділ қазылар: Ручкина Г.А б.ғ.к., жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі; Баубекова Г.К., педагогика магистрі, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы; Кожмухаметова А.С., жаратылыстану ғылымдарының магистрі, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы.
Ойынның мақсаты-дискуссиялық қабілеттерін қалыптастыру;азаматтық құндылықтардың және сын тұрғысынан ойлаудың дамуы; студенттерді азаматтық-әлеуметтік тәрбиелеу; институтта дискуссиялық әдістерді насихаттау.
Дискуссиялық-зияткерлік ойын барысында ойынға қатысушылар қарастырылып отырған тақырыпқа сәйкес түрлі көзқарасқа сәйкес «Опровержения» және «Утверждения» топтары болып екі топқа бөлінді. Бірінші топ «Утверждения» ойын тақырыбы аясында жағымды фактілерді қарастырса, екінші топ «Опровержения» бірінші топ фактілеріне қарсы пікірлерін көрсетті. Дебат кезінде Ленин көшесінің атауын Еңбек атауына ауыстырғаны туралы сұрақтар белсенді қарастырылды. Екі топ та берілген көше атауларының ауысуының жағымды және жағымсыз фактілерін қарастырды. Дебат соңында аудиторияда белсенді түрде талқыланды, оқытушылар мен студенттер өз пікірлерін білдіріп, қатысушы студенттерді бағалады.
Дебат қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы қатысушыларды мына номинациялар бойынша марапаттады: «Самый лучший спикер» номинациясын «Тарих» мамандығының 4 курс студенті – ЖанглышАбылай; «Самый эрудированный спикер» номинациясын«География» мамандығының 1 курс студенті – Печоркина Марина иеленді; ал барлық қатысушылар мақтау грамоталарымен марапатталды.
Дебатта іс-шараның ұйымдастырылуы және оған қатысушылардың қызығушылығы, студенттер дайындығының жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Дебат өте сәтті өтті.