28-29 қазанда Астана қ. ҚМПИ –тың жаратылыстану-математика факультеті бойынша «Информатика» мамандығының студенттері Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам және Дін істер министрлігінің қолдауыменен «Болашақ» Қауымдастығы өткізген, «Жастар Отанға» республикалық инновациялық идеялар фестиваліне қатысты. Фестиваль білім беру модулінен және жобаның бағалау бөлігінен құрылды, оның ішіне: инновация саласында мамандандырылған жоғары білікті жаттықтырушылардан семинар-тренингтер; идеялар мен жобалардың тұсаукесері бойынша мастер-класстар; Қазақстанның белгілі қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесулер; іскерлік- ойындар; инновациялық идеялар байқауы кіреді, мұнда студенттер өздерінің іске қосу-жобаларын қазылар алқасына ұсынды.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 26 қазанда «Химия» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» болашаққа бағдары аясында «Химия руының жалғасы» атты кураторлық сағат өтті. Б.А. Бірімжанов «ХИМИЯ» ДЕГЕН ТЕК ҚАНА МАМАНДЫҚ ЕМЕС, ОЛ «РУ» деп айтатын. Бұл сөзді естіген химиктер өздерін бір-бірімен туыстай сезініп, туыстық, достық, бір-біріне жан ашырлық қарым- қатынастарын күшейте түсетін. Б.А.Бірімжановтың декандық кезінде С.М.Киров атындағы Қаз ҰУ-нің химия факультетін бітіріп, сол кісінің жетекшілігімен кандидаттық диссертацияларын қорғаған – бүгінгі күндегі зейнеткерлер Қ.Ғ.Ханапин, З.Е.Утиналар өз кезегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы химия кафедрасын қалыптастырып, дамытуға зор үлестерін қосса, сол университеттің химия факультетінің түлектері, химия ғылымдарының кандидаттары Б.М.Жумагалиева, Қ.А.Әбдіхалықова, Г.О.Таурбаева, химия магистрі Ә.Б.Нурушевалар бүгінгі күнде жаратылыстану ғылымдары кафедрасында еңбек етуде.

2017 жылғы 25 қазанда ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасында бірден екі жаңа бөлімшенің таныстыру рәсімі өткізілді: «Химиялық тәжірибені автоматтандыру және компьютерлендіру» тәжірибелік алаңы және «Химияны оқыту әдістемесінің мәселелерін зерттеу орталығы». Аталған мини-конференция отырысына «Химия» мамандығының 1-4 курс шәкірттері және оқытушылары қатысты. Бөлімшелердің негізгі мақсаттары кафедраның ғылыми-зерттеу әрекетінің педагогикалық және ғылыми бағыттарын дамыту және жалпы СҒЗЖ қарқындату болып табылады.

16 қазанда облыстық «Алау» телеарнасының «Көкейтесті сұхбат» атты бағдарламасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Әбіхалықова Қалимаш Ахатқызымен кездесу өтті. «Мұғалімдер күні» қарсаңында институттың бірнеше ұстаздары Ы. Алтынсарин медалімен марапатталған болатын. Солардың бірі - осы институтта 40 жылдай қызмет атқарған – Қалимаш Ахатқызы. Сұхбат барысында журналист қазіргі кезеңде оқу-білім саласында болып жатқан өзгерістерге орай бірнеше көкейтесті сұрақтарға жауап алды.

2017 жылдың 13 қазанында жаратылыстану-математикалық факультетінде «Фифи» бедвечерлер клубының ұйымдастыруымен дәстүрге айналған «Тырналар күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді. «Биология» мамандығының студенттері экологиялық күнтізбенің осы бір тамаша мейрамымен танысып, тырналардың сирек кездесетін және жоғалу қауіпі бар түрлерімен танысты. Тырналар ғаламшарымызда өмір сүретін ең әсем құстардың бірі болып табылады.

2017 жылдың 3 қазанында ҚМПИ жаратылыстану-математика факультетінде ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын талқылау кездесуі өткізілді. Қарастырылған мақаланың бағдарламасын жүзеге асыратын болашақ мамандар болғасын тыңдаушылардың көбісі бірінші курс студенттері болды. Талқылау барысында бірқатар қоғамдық-саяси мәселелер қозғалды. Мысалы, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық нақышты сақтау. Әсіресе білімге құштарлыққа ерекше назар аударылды.

2017 жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты негізінде «АСADEMICA-561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2- CBHE-JP» жобасының екінші Ұлттық іс-шарасы шеңберінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бойынша жаңғыртылған бағдарламаларды енгізу »тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның басында «Information and communication technologies» аудиториясы салтанатты түрде ашылып, «АКАДЕМИКА» жобасы қорының арқасында сатып алынған жабдықтардың тұсаукесері өтті.

27 қыркүйекте 1-4 курс «Кәсіптік оқыту» мамандығы арасында жарысымызды «Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек» - сөзімен ұран етуді жөн көрдік Рухани жаңғыру аясында өткізілген іс-шараға топ кураторлары; Абдимоминова Д.К., Жигитов А.Б., ұйтқы болды. Іс шараның басты мақсаты; тілдің құзреттілігі мен мәртебесін көтеру.

2017 жылғы 23 қыркүйекте Жаратылыстану-математикалық факультетінің бірінші курс студенттері үшін «Ұғындыру салтанаты» өткізілді. Іс-шара факультет деканы  Сухов М.В. құттықтау сөздерінен басталды. Әрі қарай балалар түрлі жоғары курс студенттері дайындаған сынақтардан өтуге аттанды. Олар өздерінің ұйымшылдықтарын, ерекшеліктерін және дарындарын көрсетуге тырысты. Барлық сайыстардың қорытындысы нәтижесінде 3 жеңімпаз топ анықталды. Балаларға сыйлықтар, жақсы көңіл күй және алдағы оқу жылына сергектік қуаты табыс етілді.

2017 жылғы 2 қыркүйек күні ЖМФ бірінші курс студенттері үшін Білім күні мен Жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өткізілді. Институт табалдырығын жаңа ғана аттаған студенттер ересек өмірге алғаш қадамдарын жасады.

Салтанатты бөлім мен шағын концерттік бағдарламадан кейін балалар өздерінің тәлімгер кураторлары мен факультеттің оқытушыларымен танысуын бастады. Олар үшін жаратылыстану-математикалық факультетінің зертханаларына, мамандырылған кабинеттеріне және мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті