«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар»
- Подробности
- Опубликовано: 03 октября 2017
2017 жылдың 3 қазанында ҚМПИ жаратылыстану-математика факультетінде ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласын талқылау кездесуі өткізілді. Қарастырылған мақаланың бағдарламасын жүзеге асыратын болашақ мамандар болғасын тыңдаушылардың көбісі бірінші курс студенттері болды.
Талқылау барысында бірқатар қоғамдық-саяси мәселелер қозғалды. Мысалы, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық нақышты сақтау. Әсіресе білімге құштарлыққа ерекше назар аударылды. Білім беру мен ғылым саласында қоғамдық сананың ашықтығы мәселесі терең қарастырылды.
Бірінші курс студенттерінің өз институты мен туған елінің қоғамдық-саяси өміріне қатысу құштарлығын арттыру мақсатымен келешекте де осы сияқты іс-шаралар жүргізу жоспарланып отыр.