Эксперименттік алаң
- Подробности
- Опубликовано: 25 октября 2017
2017 жылғы 25 қазанда ЖМФ жаратылыстану ғылымдары кафедрасында бірден екі жаңа бөлімшенің таныстыру рәсімі өткізілді: «Химиялық тәжірибені автоматтандыру және компьютерлендіру» тәжірибелік алаңы және «Химияны оқыту әдістемесінің мәселелерін зерттеу орталығы». Аталған мини-конференция отырысына «Химия» мамандығының 1-4 курс шәкірттері және оқытушылары қатысты.
Бөлімшелердің негізгі мақсаттары кафедраның ғылыми-зерттеу әрекетінің педагогикалық және ғылыми бағыттарын дамыту және жалпы СҒЗЖ қарқындату болып табылады.
Алаңның және Орталықтың жұмысы аясында қала мен облыс мектептерімен қарым-қатынас жүзеге асырылады. Соның ішінде, алаңда №1 мектеп-лицейінің, №18 мектеп-гимназиясының және физика-математикалық лицейінің оқушылары өз жұмыстарын істеуде. Ал 2-ші және 4-ші курс студенттері Кибик К.О. және Бурак Д.В. «Тұрақты токтың көзін өңдеп шығару және оны оқу үдерісіне енгізу» жобасымен «Жастар Отанға» инновациялық жобалардың Республикалық фестивалінің екінші кезеңіне өтті (Астана қ., 2017 ж. 28-29 қазан). Алаң мен Орталықтың іс-әрекетінің нәтижелерін «13-ші зертхана» YouTube арнасында бақылауға болады.
https://www.youtube.com/channel/UC4rRjhd1pZqzBQ8nXiL0QlA