«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бойынша жаңғыртылған бағдарламаларды жүзеге асыру»дөңгелек үстелі
- Подробности
- Опубликовано: 29 сентября 2017
2017 жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты негізінде «АСADEMICA-561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2- CBHE-JP» жобасының екінші Ұлттық іс-шарасы шеңберінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бойынша жаңғыртылған бағдарламаларды енгізу »тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның басында «Information and communication technologies» аудиториясы салтанатты түрде ашылып, «АКАДЕМИКА» жобасы қорының арқасында сатып алынған жабдықтардың тұсаукесері өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты - ол жобаның негізгі кезеңдерін талқылау, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша білім беруді жаңғыртуға мониторинг жүргізу. Баяндама жасағандар: жоба жетекшісі - т.ғ.к., декан Сухов М.В.; жоба координаторы - п.ғ.к., декан Кифик Н.Ю.; жоба тьюторы - п.ғ.к., аға оқытушы Данилова В.В.; жоба қатысушылар-лекторлар - Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Еслямов С.С.; э.ғ.к., Тобылов К.Т.; т.ғ.к., доцент Ерсұлтанова З.С.; ж.ғ.м. Даулетбаева Г.Б.
Пікірталасқа информатика мұғалімдері және қаланың және облыстың мектептерінің бас мұғалімдері (№3 орта мектебі, №23 мектебі, ФМЛ, «Озат» ДБМ, НИМ, «Береговская орта мектебі») қатысты.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар аспектісінде жобаның мәселелері мен көптілді білім берудің келешектері мен дамуы туралы сұрақтар қойды.
Жалпы бұл іс-шара уақытылы және тиімді деп сипатталады.