«Жастар-Отанға» республикалық инновациялық идеялар фестивалі

28-29 қазанда Астана қ. ҚМПИ –тың жаратылыстану-математика факультеті бойынша «Информатика» мамандығының студенттері Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам және Дін істер министрлігінің қолдауыменен «Болашақ» Қауымдастығы өткізген, «Жастар Отанға» республикалық инновациялық идеялар фестиваліне қатысты. Фестиваль білім беру модулінен және жобаның бағалау бөлігінен құрылды, оның ішіне: инновация саласында мамандандырылған жоғары білікті жаттықтырушылардан семинар-тренингтер; идеялар мен жобалардың тұсаукесері бойынша мастер-класстар; Қазақстанның белгілі қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесулер; іскерлік- ойындар; инновациялық идеялар байқауы кіреді, мұнда студенттер өздерінің іске қосу-жобаларын қазылар алқасына ұсынды.

Фестиваль екі кезеңнен өтті. Екінші кезеңге «Информатика» мамандығы студенттерінің 2 жобасы өтті:

  • ғылыми жетекшісі – Айтбенова А.А., «Информатика» мамандығының 4 курс студенті Зиятова А.- ның жобасы «Android операциялық жүйесі негізінде оқыту қосымшасын құру».
  • ғылыми жетекшісі – Даулетбаева Г.Б., «Информатика» мамандығының 2 курс студенті Байбосынова Ә.- ның жобасы «Macromedia Flash ортасында оқыту – әдістемелік құралдарын жасау».

Студенттер күш жинап, өздері үшін көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді үйренді, фестиваль аяқталғаннан кейін оларға сертификаттар берілді.

Біз студенттер мен ғылыми жетекшілерге жаңа идеялар мен келешекке арналған жобаларды жүзеге асыруда шабыт тілейміз!

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Жастар-Отанға» республикалық инновациялық идеялар фестивалі