«Химия руының жалғасы»
- Подробности
- Опубликовано: 26 октября 2017
Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында 26 қазанда «Химия» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» болашаққа бағдары аясында «Химия руының жалғасы» атты кураторлық сағат өтті.
Б.А. Бірімжанов «ХИМИЯ» ДЕГЕН ТЕК ҚАНА МАМАНДЫҚ ЕМЕС, ОЛ «РУ» деп айтатын. Бұл сөзді естіген химиктер өздерін бір-бірімен туыстай сезініп, туыстық, достық, бір-біріне жан ашырлық қарым- қатынастарын күшейте түсетін. Б.А.Бірімжановтың декандық кезінде С.М.Киров атындағы Қаз ҰУ-нің химия факультетін бітіріп, сол кісінің жетекшілігімен кандидаттық диссертацияларын қорғаған – бүгінгі күндегі зейнеткерлер Қ.Ғ.Ханапин, З.Е.Утиналар өз кезегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы химия кафедрасын қалыптастырып, дамытуға зор үлестерін қосса, сол университеттің химия факультетінің түлектері, химия ғылымдарының кандидаттары Б.М.Жумагалиева, Қ.А.Әбдіхалықова, Г.О.Таурбаева, химия магистрі Ә.Б.Нурушевалар бүгінгі күнде жаратылыстану ғылымдары кафедрасында еңбек етуде.
Иә, химия руының атасы Б.А.Бірімжанов салып кеткен химия саласының сабақтастығы осылай жалғасуда.
Кафедра ұжымы химия ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының доценті Жұмағалиева Батжан Мұқанқызын 70-жылдық мерейтойымен құттықтады
Қостанай мемлекеттік университетінің шақыруымен 1993 жылы келіп, кейін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты болып бөлінген институттың жаратылыстану ғылымдары кафедрасында қазіргі күнге дейін қызмет атқарып келеді.
Б.М. Жұмағалиева жастардың тәрбиелік жұмысына аса мән береді. Негізгі ұстанымы - адамгершіліктің негізін түсіндіре отырып, шынайы, адал, қайырымды, отан сүйгіш жастарды тәрбиелеу және оларға сапалы білім беру. Бұл шараға осы мамандықтың Назарбаев Зияткерлік мектебінде жұмыс жасап жүрген бір топ мұғалімдер – кафедра түлектері қатысты.