2017 жылдың мамыр айының 8 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің 3курс «Матемтаика» мамандығының студенттері мен кураторы Доспулова У.К. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар»-рухани жаңғырту жастардың болашағы жолдауы аясында «Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтың жарқын кепілі!» атты кураторлық сағат өткізілді. Топ басшысы Есімханова Амина баяндама жасады. Баяндаманы талқылау барысында Базарбай А., Абылай Н., Ыждан М., Ертай Т., Елшібекова Б., келесі мәселелер бойынша: елбасы жолдауының негізінде латын алфавитіне көшу, мектеп үшін 100 жаңа оқулық шығару ойларын баяндады және пікір алмасу жүргізілді. Куратор Доспулова У.К. қазіргі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекетіне заманды және болашақты жақсы түсінетін мамандар қажет болып отырғанын айта отырып студенттерге үлкен міндет жүктелетінін атап өтті. Олар осы жоғары талаптарға сай болып, өз мамандығын жүректің қалауымен таңдап, еліміздің ертеңгі тірегі болатын жастар қатарын толтыруға тырысатындарын айтты.

2017 жылдың 14 сәурінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым мен білім-2017» атты ХІІ Халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, болашақ әріптестер арасында байланыстарды қалыптастыру. Конференцияға ғылыми жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты, доцент З.С. Ерсултановамен бірге жаратылыстану-математика факультетінің 5В011100-Информатика мамандығының студенттері Сәбит Зере (1 курс), Смаилова Эльвира (3 курс), Бекқұлы Маржан (4 курс) қатысты. Олар секция мәжілісінде «Информатика студенттерінің ақпараттық жүйесі сайты», «Амалдарды зерттеу пәнінен электронды оқулық құру» атты баяндама оқыды.

2017 жылдың 14 сәуірінде ҚМПИ Жаратылыстану-математика факультетінде Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы ұйымдастырған «Заманауи білім беруді жаңарту» атты студенттік ғылыми-практикалық  конференциясы өтті. Конференция мақсаты: студентердің ғылыми-ізденістегі жұмыстарының қорытындысы болып табылды. Конференция жұмысы қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде  өтті.  Бұл конференцияға 1-3 курс студенттері қатысты  және 4 курс студенттері  дипломдық жұмыстары бойынша баяндама жасады. Заманауи білім беру мәселері бойынша секцияларда студенттер мен оқытушылар белсенді қатысып өзекті мәселелерді көтеріп отырды.

Студенттер әзілдесіп, қалжындасуды жақсы көреді, сондықтан оларға әзілдесі қиындық тудырмайды. Әсіресе, айналасындағылар көңіл көтеріп, әзілдескенде және күлгенде. 2017 жылдың 3 сәуір күні ҚМПИ жатаханасының акт залында «1 сәуір күні – Күлкі күні» кураторлық сағаты өтті. Әрине, мұндай іс-шараға жақсы көңіл-күймен келен дұрыс. «5В010900 Математика» мамандығының 1 курс студенттері Күлкі күнін жақсы өткізді. Тақырыпқа байланысты балалар ойын ойнады, конкурстарға қатысты және сурет салды. Сонымен, «5В010900 Математика» мамандығының 1 курс студенттерінің ішінен көптеген талантты әртістерді байқадақ. Әрқашанда күліп жүріңіздер, көтеріңкі көңіл денсаулыққа пайдалы«1 сәуір күні – Күлкі күні» кураторлық сағаты барлығына ұнады деп ойламын. Барылықтарыңызға көтеріңкі көңіл мен табыс тілеймін!

30.03.2017ж. 422 аудиторияда информатика және КТ кафедрасының аға оқытушысы, п.б.б.м.  Айтбенова А.А. И-37 қазақ тобында «Мультимедиа технологиялары» пәнінен «3DS MAX-та модификаторларды қолдану» тақырыбы бойынша институт деңгейінде ашық сабақ өткізді. Сабаққа ОҮжИД жоспарлау бөлімінің баст. Бекентаева А.К., кафедраның аға оқытушылары Даулетбаева Г.Б., Радченко Т.А., Оспанова Ш.Б. қатысты.

2017 жылы 17 наурыз күні ЖМФ Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлау мерекелік іс-шарасы өткізілді. Факультет студенттері ұлттық киімдерде өнер көрсетті, ән салды, би биледі. Барлық қатысушылар мен қонақтарға тамаша көңіл күй сыйланды. Бай дастархан ұлттық тағамдарға толы болды. Күлімдеген  шуақты көктеммен бірге келген Наурыз мейрамымен құттықтау тілектері айтылды.

2017 жылдың  9 наурызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қостанай облысының Мамандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірге  облыс прокуратурасы мен әкімдікі бекіткен  «Аймақтың экологиялық мәселелерін шешу бойынша», «Қауіпсіз қалдықтар – біздің ортақ міндетіміз» және «Жануарлар әлемінің нысандарын қорғау бойынша» жобаларын жүзеге асыру мақсатымен «Табиғатқа ұқыпты қарау — бүгінгі және болашақ ұрпақтың денсаулығы мен амандығының кепілі» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Іс-шараға ЖМФ тәлімгерлері мен оқытушылары қатысты.

2017 жылғы 2 наурызда Жаратылыстану–математика факультеті жыл сайынғы дәстүр бойынша «Жүрек Жылуы» қайырымдылық акциясын өткізді. Қайырымдылық іс-шарамыздың мақсаты еліміздің жас ұрпақтарының тәрбиесі мен азаматтық ұстанымының қалыптасуына және бұл арқылы өмірлерінің жақсаруына үлес қосу. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа. Акцияға қатысқан барлық қайырымды жандарға алғысымызды білдіреміз.

Кафедра апталығының жоспары бойынша Информатика және КТ кафедрасы 2017 жылғы 10 ақпанында «Білім берудегі инновациялық технологиялары» (тренерлерді дайындау курстарының материалдары бойынша) ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарда Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетімен бірлесіп құрастырған деңгейлік бағдарламадағы модульдерді оқу үрдісінде қолдану сұрақтары.

2017 жылғы 9 ақпанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану-математика факультетінің базасында кафедра апталығы аясында Эразмус + Еуропалық одағы ортақ қаржыландыратын ACADEMICA халықаралық жобасының пилоттық тобына арналған семинар (Accessibility and Harmonization of Higher Education in Central Asia through Curriculum Modernization and Development ACADEMICA Project №561553-EPP-1-2015-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP) өткізілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті