«Ғылым және білім - 2017»

2017.04.14

2017 жылдың 14 сәурінде  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым мен білім-2017» атты ХІІ Халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды заманауи ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, болашақ әріптестер арасында байланыстарды қалыптастыру.

Конференцияға ғылыми жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты, доцент З.С. Ерсултановамен бірге жаратылыстану-математика факультетінің 5В011100-Информатика мамандығының студенттері Сәбит Зере (1 курс), Смаилова Эльвира (3 курс), Бекқұлы Маржан (4 курс) қатысты. Олар секция мәжілісінде «Информатика студенттерінің ақпараттық жүйесі сайты», «Амалдарды зерттеу пәнінен электронды оқулық құру» атты баяндама оқыды.

Студенттер мен жас ғалымдардың ХІІ Халықаралық ғылыми конференция мәжілісінің қорытындысы бойынша  «Қазіргі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» атты секциясы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз