2016 жылдың 11 ақпанда кафедра апталығы аясында Жаратылыстану - математика факультетінің «Информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Оспанова Ш.Б., Айтбенова А.А. студенттер арасында «Жұлдызды сәт» сайысын өткізді.

Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. Ерсултанова З.С. 10 қаңтарда институттың 201 компьютерлік сыныбында информатика пәнінен «MS Word бағдарламасында графикалық элементтерді қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Жоғары оқу орындарында қазіргі заманғы білім талаптарына сай білімдік және техникалық жағдай туғызуды қажет етеді. Осы жағдайларға сай ҚМПИ кітапханасында 2016 жылдық 10 ақпанында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының күні өткізілді, онда оқытушыларға жаратылыстану-ғылыми бағытындағы мамандықтар үшін алынған қазіргі заманғы әдебиеттер, Е-кітапханада КАБИС жүйесі бойынша әдебиеттерді іздеу жүйесі және кітапхананың әдебиеттер қоры туралы таныстырылды.

2016 ж. 9 ақпанында «Информатика» мамандығының 1 курс студенттеріне «Бағдарламалау» пәні бойынша «Файлдық мәліметтер типі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақты өткізген кафедраның аға оқытушысы, ҚМПИ доценті – Цыганова А.Д.

2016 жылдың 4 ақпанында біздің институты мызда «Математика» мамандығының 2 курс студенттерінің арасында кураторлық сағат өткізілді. Бұл сағат «Қазақстан халқының ассамблеяcы» тақырыбына арналған, өйткені 1995 жылының 1 наурызында ассамблея құрылған.

2016 жылдың ақпан айының 3 жұлдызында «Математика» мамандығының 2 курс студенттері мен кураторлары Доспулова У.К. «Салауатты отбасы-салауатты ұлт» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сабақтың мақсаты - студенттерге салауатты өмір салтын насихаттау.

2016 жылдың 2 қаңтарында жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және конфессияаралық келісімге тәрбиелеу мақсатында жаратылыстану-математика факультетінің «Математика», «Информатика» мамандықтарының 1-курс студенттеріне арналған Қостанай қалалық мешітінің иманымен кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты студенттерге дін жөніндегі ақпаратты толық және тиянақты жеткізу болып табылады.

2016 жылдың 27 және 28 қаңтарында жаратылыстану-математика факультетінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа ғаламдық нақтылықта: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауына байланысты талқылау өткізілді, ол ғаламдық дағдарыс кезеңіндегі ел дамуының басты бағдарламалық құжаты болып саналады.

Қазіргі мұғалім қандай болуы керек? Бұл жайында «Биология», «География», «Химия» мамандықтарының көп тілді топтың 1-курс студенттері 28 желтоқсан күні «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» мамандығы бойынша емтиханды эссе бойынша ағылшын тілінде жазып талқылады.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жаратылыстану-математика факультеті студенттері 2015 жылдың желтоқсан айының 24 жұлдызында «Жанұя» балалар үйіне барып қайтты. Әр түрлі ойындар, ән мен би, қызықты бағдарламалар өткізілді, соңында сыйлықтар берілді. Балалар студенттерге алғыстарын білдіріп, ұзаққа дейін жібергісі келмеді

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті