Президент Н.Ә.Назарбаевтың атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауына байланысты талқылау өткізілді
- Подробности
- Опубликовано: 28 января 2016
2016 жылдың 27 және 28 қаңтарында жаратылыстану-математика факультетінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа ғаламдық нақтылықта: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдауына байланысты талқылау өткізілді, ол ғаламдық дағдарыс кезеңіндегі ел дамуының басты бағдарламалық құжаты болып саналады.
Дағдарыстан шығудың жолдары қызу талқаланды. Барлық қатысушылар «дағдарыстан шығудың ең басты шарты-Қазақстан халқының бірлігі» деген ортақ келісімге келді. Әрқайсымыз жауапкершілікті сезініп және оны өзімізден бастауымыз керек, біреу біз үшін жасайды деп күтпей, өз өмірімізді лайықты құруымыз қажет. Президенттің Қазақстан халқына деген жолдауы-ғаламдық сынақ уақытында елді алып шығатын компас тәрізді.