«MS Word бағдарламасында графикалық элементтерді қолдану»
- Подробности
- Опубликовано: 10 февраля 2016
Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. Ерсултанова З.С. 10 қаңтарда институттың 201 компьютерлік сыныбында информатика пәнінен «MS Word бағдарламасында графикалық элементтерді қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Студенттерді жаңа әдістемемен жақсы жұмыс істеп шықты. Олар топқа бөліп оқыту әдістеменсін қолдану барысында ұйымдасқан түрде жұмыс істеуге, өзара көмек жасауға, бірін-бірі бағалауға үйренді. Олар жеке -жеке жұмыс жасай отырып, бәрі бір ғана жобаға жауапты болды. Әркім ортақ баға үшін өз жауапкешілігін түсініп, тапсырманы керегінше тартымды, көрнекі орындауға тырысты. Сабақты қорындылау барысында студенттер алған білімдерін ерекше атап өтті.Топпен жұмыс істеу әдістемесі сабақтың сапасын арттырып, студенттердің білім алауын жеңіл, әрі қызықты етті.
Ашық сабаққа Институттың стратегиялық даму және оқыту инновациялары бөлімінің басшысы Ищанова Раиса Садыкпаевна, Институттың әдістемелік кеңесінің хатшысы Бекентаева Айман Кожаковна, ЖМФ деканы Сухов М.В., кафедраның аға оқытушылары Цыганова А.Д., Радченко Т.А., Оспанова Ш.Б.қатысты.