3 наурыз Сағат 15.30, ауд.424 И және КТ кафедрасының м.а., т.ғ.к.. З.С. Ерсултанова мен аға оқытушы, ж.ғ.м. С.Б. Хасанова «Педагогические аспекты преподавания дисциплин в ВУЗе» («Өрлеу» МЖҰОда өткен курстардың материалдары бойынша) атты семинар өткізді.

2015 ж. 2 наурызда «Информатика» мамандығының 3 курс студенттеріне «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Мектеп информатика курсының мазмұны және құрылымы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді.

2015 ж. 2 наурызда «Информатика» мамандығының 3 курс студенттеріне «Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша тәртібіне ашық сабақ өткізілді. Дәрісті өткізген кафедраның аға оқытушысы, ж.ғ.м. – Радченко Т.А.. оқытушы өз сабағында АКТ элементтері пайдаланылды

Қазақстан республикасының келелі кезеңдері: «Нұрлы жол» бағдарламасының маңызы, «Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 жыл», «Президент үндеуі» туралы ақпанның 27 жұлдызында кураторлық сағат өткізілді.

Студенттердің патриоттық сезімін, кәсіби-біліктіліктерін арттыру үшін жаратылстану-математика факултетінің 1 курс студенттері ҚМПИ-ның мұражайына экскурсия жасады. Студенттердің назарларына институттың мұражай экспонаттары – бұл яғни, бейнематериалдар, ғылыми жұмыстар, марапаттау қағаздары, медальдар және жеке құжаттары көрсетілді.

Желтоқсан айының 24 жұлдызында, жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған, «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» деген тақырыпта интеллектуалды сайыс өтті. Ойын еліміздің тарихы, саяси жағдайы, салт-дәстүрлері бағыттарында студенттердің білімін тексеріп нығайту, отансүйгіштік сезімдерін арттыру мақсатында өткізілді.

2014 жылы 12 желтоқсанда "Математика" мамандығының М-21 тобында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіздігінің 23-жылдығына арналған "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты тәрбие сағат өтті. Студенттер әң шырқады, тақпақтар оқыды, Куникеева Динара күй тартты, Тайжанова Алтынқыз бен Исмагулова Айнагүл елдің негізгі атаулы тарихи күндеріне қатысты ойын өткізді, Әлшериев Бектұрсын Қайрат Рысқұловтың бейнесін "Қайрат Рысқұловтың тұтқындалуы "көріністе өте жақсы көрсетті

8.12.14. ФМжЖТП кафедрасы Қостанай районы «Садовый негізгі мектебінің » ММ жоғарғы санатты физика мұғалімі Нестеренко Степан Степановичпен кездесу ұйымдастырылды. «Физика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруы» атты әдiстемелiк құралдың авторы «Физиканың сабақ беруiнде инновациялық технологиялар» тақырыбына 5В011000-Физика мамандығының төртінші және үшінші курс студенттерінің белсендi қатысуымен семинар өткізді.

2014 жылдың 28 қарашасы күні сағат 14.30–да 424 аудиторияда Информатика мамандығының қазақ бөлімінде «1-Президент» күні мерекесене арналған «Тұңғыш Президент тағылымы – ел жастарының танымы» атты бірлескен кураторлық сағат өткізілді.

2014 жылдың 28 қарашасында 814 аудиторияда Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» және «Биология» мамандықтарының 2-4 курс бойынша қазақ және орыс топтарының студенттерінің қатысуымен тұңғыш Президент күніне арналған «Н.Ә.Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында куратор сағаты өткізілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті