«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне арналған тәрбие жұмысының

28.11.142014 жылдың 28 қарашасында 814 аудиторияда Жаратылыстану-математика факультетінің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының «География» және «Биология» мамандықтарының 2-4 курс бойынша қазақ және орыс топтарының студенттерінің қатысуымен тұңғыш Президент күніне арналған «Н.Ә.Назарбаев - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында куратор сағаты өткізілді. Мерекелік іс-шараға кафедра оқытушыларынан Ахметова Э.Б., Дмитрийчук В.В.,Рулева М.М. жетекшілік жасады.
Ұйымдастырылған шарада студенттер Президенттің өмірбаянымен, Қазақстан мемлекетін құрудағы еңбек жолдарымен жақынырақ танысты, бейнефильмдер ұсынылды, елбасының қызметтегі және жеке өмірінің суреттері кезең бойынша көрсетілді.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда және жүргізуде белсенділік танытқан студенттер ерекше көзге түсті. Олар: «Биология» мамандығының 3 курс студенті Дубий Евгения, «Атамекен» әнін орындады; «География» мамандығының 2 курс студенті Беккул Жансерик, домбырада күй ойнады; «География» мамандығының 2 курс студенті Қоңырбай Әйгерім, авторлық шығармасын оқыды; «География» мамандығының 3 курс студенттері Уатхан Анар, Шалғымбай Әйгерім презентация дайындап, бейнефильмдер ұсынып, ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне арналған тәрбие жұмысының