2015 жылдың 29 қыркүйегінде Жаратылыстану-математика факультетінің «Химия» мамандығы 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұстаздар Күніне» арналған кураторлық сағат өткізілді. Студенттер мерекені ұстаздарға ұмытылмас болатындай белсенді, нұсқалы және қызықты өтізуге барынша тырысты.

2015 жылдың қыркүйек айының 26-шы жұлдызында ҚР Конституциясы және Қазақстан халықтар Ассамблеясының 20-жылдығына орай РИИ ректор Кубогы үшін аймақтық пікір сайыс турнирі өтті

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған кураторлық сағат өткізілді. Абай Құнанбаетың өмірбаяны мен өлеңдері оқылды. Химик – студенттерге Абай өлеңдерінің құдіретті күші арқылы поэзияның адами қалыптасудағы рөлі көрсетілді.

2015 жылы 19 қыркүйек күні жаратылыстану – математика факультетінде жоғарғы курс студенттері институт табалдырығын енді ғана аттаған студенттерімізге оларды студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Шараның басты мақсаты: жас студенттерді факультет, институт өмірімен таныстырып, болашаққа деген ынтасын арттыру.

1 маусым балаларды қорғау күніне орай Жаратылыстану –математика факультетінің оқытушылары мен студенттері облыстық балалар үйінде қайырымдылық акциясын өткізді.

2015 жылы 28 сәуірде сағат 12:30 Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған Қазақстан Халықтары ассамблеясының 20- жылдығына орай «Достық үйінде» Қостанай облысының диаспораларының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек стол өткізілді. Бұл іс – шараға «География» мамандығының 3 курс студенттері (қазақ және орыс бөлімдері) және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары: Баубекова Г.К., Баймаганбетова К.Т., Омарова К.И., Коваль В.В., Ахметова Э.Б., Дмитрийчук В.В. қатысты.

Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында химия мамандығының оқытушыларымен «Химиядан білім беру саласындағы заманауи бағыттар» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарға VII Республикалық студенттердің химия олимпиадасының команда жетекшілері қатысты. Семинарды х.ғ.қ., доцент Жұмағалиева Б.М. жүргізді. Тақырыпқа байланысты баяндамаларды химия магистрі, оқытушы Ергалиева Э.М., химия магистрі, аға оқытушы Губенко М.А. оқыды.

2015 жылдың 17 сәуірде Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаратылыстану-математика ғылымдарын дамыту» аймақтық ғылыми – практикалық конференциясын ұйымдастырды. Конференция мынадай ғылыми бағыттардан тұрды: 1. Қазақстанның индустриалды даму шарттарындағы жаратылыстану пәндерінің дамуының өзекті мәселелері: биология, география, химия; 2. Математика, физика, кәсіптік оқыту және информатика пәндерінің инновациялық жетістіктері мен мәселелері, қазіргі қоғамдағы олардың рөлі мен мәні; 3. EXPO 2017 қазіргі қоғамды дамытумен бірге: технологиялық, әлеуметтігуманитарлық және білім беру аспектілері.

Жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғалымдары кафедрасында 19 наурыз күні «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Іс- шара мақсаты: Қазақ халқының ұлы мерекесі «Наурыз мейрамы» жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа, қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

«Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбына арналған кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа оқытушылар: Жумагалиева Б.М., Важева Н.В., Таурбаева Г.О., Кобец Т.С. қатысты. Тақырыпқа байланысты баяндамалар мен презентацияларды «Химия» мамандығының 2 курс студенттері: Ардакова Э., Ахмет А., Молдашева А., Худайбергенов Н., Абдуллина Д., Айсина И., Курманаев А. жасады. Кураторлар: Жумагалиева Б.М., Таурбаева Г.О.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті