«Химиядан білім беру саласындағы заманауи бағыттар»

23.04.15Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында химия мамандығының оқытушыларымен «Химиядан білім беру саласындағы заманауи бағыттар» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарға VII Республикалық студенттердің химия олимпиадасының команда жетекшілері қатысты. Семинарды х.ғ.қ., доцент Жұмағалиева Б.М. жүргізді. Тақырыпқа байланысты баяндамаларды химия магистрі, оқытушы Ергалиева Э.М., химия магистрі, аға оқытушы Губенко М.А. оқыды.
Сонымен қатар студенттердің ғылыми жұмыстарының бағыттарын көрсету үшін баяндамаларды 4 курс студенттері Тулубаев Н., Паращенко Д., Штанько И. жасады.
Қатысқан оқытушылар сұрақтарынан тақырыптардың тартымды, қызықты екендігі байқалды. Семинарға қатысушыларға сертификат берілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті «Химиядан білім беру саласындағы заманауи бағыттар»