«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаратылыстану-математика ғылымдарын дамыту»
- Подробности
- Опубликовано: 17 апреля 2015
2015 жылдың 17 сәуірде Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаратылыстану-математика ғылымдарын дамыту» аймақтық ғылыми – практикалық конференциясын ұйымдастырды. Конференция мынадай ғылыми бағыттардан тұрды:
1. Қазақстанның индустриалды даму шарттарындағы жаратылыстану пәндерінің дамуының өзекті мәселелері: биология, география, химия;
2. Математика, физика, кәсіптік оқыту және информатика пәндерінің инновациялық жетістіктері мен мәселелері, қазіргі қоғамдағы олардың рөлі мен мәні;
3. EXPO 2017 қазіргі қоғамды дамытумен бірге: технологиялық, әлеуметтігуманитарлық және білім беру аспектілері.
Конференцияның ашылуы толық мәжіліспен сағат 1000 Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының А201 аудиториясында өткізілді. Мәжілісте құттықтау сөзбен жаратылыстану-математикалық факультеттің деканы, техника ғылымдарының кандидаты Сухов М.В. сөйледі. Алғы сөзбен информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Ерсултанова З.С. сөйледі. Физика, математика және жалпы техникалық ғылымдар кафедрасының өкілдері Демина Н.Ф. және Омарова Ж.М. «Физикалық құбылыстарды моделдеу» атты ғылыми жұмыстарын ұсынды.
201 компьютерлік аудиторияда «Математика, физика, кәсіптік оқыту және информатика пәндерінің инновациялық жетістіктері мен мәселелері, қазіргі қоғамдағы олардың рөлі мен мәні» бағыты бойынша отырыс болды. Тыңдаушыларға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, Қостанай әлеуметтік білім беру колледжнің оқытушылары мен студенттерінің ғылыми жұмыстары ұсынылды.
422 компьютерлік аудиторияда «Қазақстанның индустриалды даму шарттарындағы жаратылыстану пәндерінің дамуының өзекті мәселелері: биология, география, химия» бағыты бойынша отырыс болды. Тыңдаушыларға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, Қостанай әлеуметтік білім беру колледжнің, Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушылары мен студенттерінің ғылыми жұмыстары ұсынылды.
Ғылыми жұмыстар «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаратылыстану-математика ғылымдарын дамыту» аймақтық ғылыми – практикалық конференциясының материалдарының электронды жинағына pdf форматта біріктірілді.
Конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге, сонымен қатар материалдар жинағын дайындаушылар информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Хасанова С.Б. және Оспанова Ш.Б. болды.