Заманауи мұғалім – бұл жан-жақты дамыған, компьютерлік технологияларды жоғары деңгейде қолдана алатын мұғалім. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім беру ұйымдарында электронды портфолио жүйесін енгізу кеңінен қолданыла бастады.

Мамыр айының 9-шы жұлдызында ЖМФ ұжымы ҚМПИ қызметкерлері тобы құрамында, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс Күніне арналған салтанатты шеруге қатысты. ҰОС қатысушыларына құрмет көрсету ретінде «ҰОС жылдарында қаза болғандар» мемориалына гүл қойылды.

«IT-Universe» ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық студенттік Олимпиада (Халықаралық ІТ-Олимпиада) әлеуметті мәнді жоба ретінде қарастырылады. Ол кәсіби шеберлікті, ақпараттық технологияларды (АТ) , оларды тиімді қолдану әдістерін жетілдіруге, қоғамда АТ қолдану үрдістерін жақсартуға бағытталған.

Жаратылыстану-математика факультетінің базасында 2014 жылдың 24 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 75 жылдығына арналған «Жаратылыстану-математика және жалпы техникалық ғылымдар – Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының негізі» атты студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

22.04.2014 «Химиктер сабақтастығы» тақырыбына кураторлық сағат өткізілді. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіне 155 жыл, х.ғ.д., академик М.Т.Козловскийдің 110 жылдығы және ҚМПИ-дің химия кафедрасын 20 жылдан артық басқарған, декандық қызмет атқарған З.Е.Утинаның 70 жасқа толуына байланысты 1, 2-ші курс студенттері Бегалиева Н, Райымкулова М, Тукманов Ж, Петерс А презентациялар жасап, мағлұматтар берді. Кафедра оқытушылары х.ғ.к., доцент Қ.А.Абдыкаликова, кафедра меңгерушісі Г.О.Таурбаева қатысты. Куратор: х.ғ.к., доцент Жұмағалиева Б.М.

1 сәуірде ҚМПИ «Фифи» бёдвочер клубы Науырзым ЭБМ/ЕҚ ҒЗО және ҚБСА РҚБ қолдауымен «Құстар күні - 2014» мерекесін атап өтті. Мерекеге жаратылыстану-математика факультетінің жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «Биология» мамандығының 1 және 2 курс студенттері, клубтың жоғарғы курстағы мүшелері, декан орынбасары Ахметчина Т.А. және кафедра оқытушылары белсене қатысты. Мерекеге қатысушыларды клубтың кураторы, б.ғ.д., профессор Брагина Т.М. және ғылыми консультант б.ғ.к., доцент Валяева Е.А

15 наурызда ҚМПИ жаратылыстану-математика факультеті студенттері «Жүрек жылуы» атты акциясын өткізді. Акцияның жалғасы ретінде біз С.А. Назарбаева жетекшілігімен «Бөбек» қоры ұйымдастырған ММ «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар үйіне бардық.

2014 жылы 5 наурызда кафедра апталығы аясында сағат 17.00-де Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттер үйінің акт залында жаратылыстану-математика факультетінің «Информатика және компьютерлік технологиялар» кафедрасының кураторларымен «Көктем аруы» атты іс-шара өтті. Ұйымдастырушы аға оқытушылар Хасанова С.Б., Айтбенова А.А., Ерсултанова З.С. және информатика мамандығының І– ІІІ курс студенттері.

Ақпан айының 26 мен 27 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт аясында, ҚМПИ ректораты, экология және биология мәселелерін зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу орталығы (НИЦ ПЭБ)/ жаратылыстану – математика факультеті және жаратылыстану ғылымдары кафедрасы мен мүдделі ұйымдар мен мекемелер бастамасымен, «БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ ЗЕРТТЕУ МЕН ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЖЕЛІЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР»» атты, (б.ғ.д., профессора Т.М. Брагинаның мерейтойына орай), Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы өтті.

Ақпан айының 26 жұлдызында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт аясында, ҚМПИ экология және биология мәселелерін зерттеуге арналған ғылыми-зерттеу орталығы (НИЦ ПЭБ)/ жаратылыстану – математика факультеті және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының ұйымдастыруымен, «БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ ЗЕРТТЕУ МЕН ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЖЕЛІЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР» Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының бірінші күні өтті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті