27 қараша күні жаратылыстану-математика факультетінде «Физика», «Кәсіби оқыту» және «Информатика» мамандықтарының Бірінші Президент күніне арналған «Назарбаев университеті» атты кеңейтілген кураторлық сағаты өтті

Мини-футболдан«ЖМФ бас жүлдесі, 2013» сайысында 1-4 курс студенттерінің 8 командасы мен институт қызметкерлерінің бір командасы қатысты. Жарыс олимпиадалық жүйе түрінде өтті. Сайыс нәтижесі төменде келтірілген:

Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасы, «Инновациялық оқыту технологиялары» зертханасы мен «Информатика» мамандығының 2-ші және 3-ші курс студенттері компьютерлік сенбілікке шықты! Бұл идеяны студенттер ұсынды, және ол Информатики және КТ кафедрасы ұжымында қолдау тапты.

2013 жылдың, қараша айының 7 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының, «Химия» мамандығының 4 курс, қазақ және орыс бөлімдері студенттері «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шара С.А. Назарбаева жетекшілігімен, «Бөбек» қорымен ұйымдастырылған «Отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылы» ММ өтті. Жаратылыстану кафедрасы доцентыШакеева Р.Ж. бастамасымен химия мамандығының студенттері осы қайырымдылық акциясын төртінші жыл бойы өткізіп жатыр.

Игі істердің қатарына "Тырналар күнін" атап өту іс-шарасы қосылып келеді. Қазанның бірі күні өткен мерекелік шара студенттер мен ұстаздар қауымына ерекше әсер етті. Ең алдымен, "Фифи" клубының төрайымы Валяева Елена Алексеевнаға сөз берілді.

"Химия" мамандығының 1-ші, 2-ші курс студенттері 25-ші қыркүйекте "Тілдер күніне" арналған ақын, Ж.Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Серікбай Оспановпен кездесу өткізді. Кураторлар Б.М. Жұмағалиева, Қ.А.Әбдіхалықова.

2013 жылдың 31 мамырында «Қостанай Дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталықпен бірге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында «Дарынды балалардың интеллектуалды-шығармашылық әлеуетін дамытудағы өзекті мәселелер» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Сізді 50 жас мерейтойыңызбен құттықтайды. Сіздің жасыңыз – бұл тiлектер және мүмкiндiктер түйісетін берекелi және сирек уақыт: ерекше саналы математиктың орнықты абыройы жасалды, оқушылары және ізбасарлары, қадірлеушілері бар. Сонымен де Сіз осы тез құбылмалы өмiрдегі ширақ қызығушылықты және белсендiлікті әлі де жоғалтпадыңыз. Сiздiң өмiрiңiздегі жемiстi кезеңдер мүмкiндігінше ұзағырақ болуын тiлейміз. Олимпиадалық қозғалысты дамыту жөніндегі бастамаларыңыз түсіністік пен қолдауды тапсын

Кафедра апталығы және ҚМПИ базасында өткізілген химиядан V Республикалық студенттер олимпиадасы бағдарламасы аясында 2013 жылдың 26-шы сәуірінде химия кафедрасында студенттердің М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы Д.К. Мендалиевамен кездесуі өткізілді. Мендалиева Д.К. Қазақстандағы химик-аналитиктердің ғылыми мектебі негізін қалаушылардың бірі болып табылады.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында, химия кафедрасы базасында 2013 жылдың 24-25 сәуір аралығында химиядан V Республикалық студенттер олимпиадасы өтті. Сайысқа Қазақстанның 15 ЖОО-ның командалары қатысты. Химиядан V Республикалық студенттер олимпиадасының қорытындысы. Жалпы командалық есепте: Гран-при – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті командасы (Құрамы: Сенчурова Дарья, Бакаев Думан, Цыпченко Кристина)

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті