2013 жылдың 20-шы сәуірінде информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Самал Бейсенбаевна Искакова, Шынар Бектепбергенқызы Оспанова және «Информатика» мамандығының 2-ші курс студенттері «Counter Strike Course» компьютерлік ойыны бойынша ҚМПИ студенттері арасында турнир өткізді. Ойынға 5 студенттен тұратын 6 команда қатысты. Ойын қызықты өтті. Студенттер бұған дейін олардың осындай ойын ойнауға не уақыт пен не орын бөлінбегенін ескеріп, мұндай еліктіргіш ойын өткізгені үшін бізге алғыс айтты.

19 сәуірде ЖМФ Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының Қазақстан Республикасының Ғылым Күніне байланысты «Студенттік ғылым және оның Қазақстан Республикасының дамуындағы ролі» студенттік ғылыми – практикалық конференциясы өтті. Конференцияны факультет деканы Қонысбаева Д.Т. ашты. Кафедра меңгерушісі Сухов М.В. Қазақстанның ғылымының дамуы жайында қысқаша баяндама оқыды. Факультет студенттері конференцияға белсене қатысты.№1 секцияның « Биология, география, химия білімдері саласындағы дәстүрлер мен жаңа идеялар» қортындысы бойынша студенттерге алты мақтау қағазы , ал №2 секция «Математика, физика және информатика ғылымдарының өзекті мәселелері» бойынша сегіз мақтау қағаздары тапсырылды.

Ресми түрде 1 сәуір бүкіл әлемде Халықаралық «Құстар күні» деп танылған. Жыл сайын биология мен география кафедрасында осы күнге арналған іс-шаралар өткізіледі. «Ғаламшардағы көршілер» атты іс-шараны кафедра оқытушылары Брагина Т.М., Брагин Е.А., Рулева М.М., және ҚМПИ БЭБ ҒЗО демеулігімен «Фифи» бедвочерлер ұйымы, ҮЕҰ,және ҚБСА өткізді.

ЖМФ деканаты талапкерлерді тіркеуді ұйымдастырудағы жемісті жұмыстары үшін келесі оқытушыларға Ильяшенко М.А., Саналина С.М., Жигитова А.Б және «Биология» және «География» мамандығының 2-3 курс студентеріне алғыс білдіреді. «Кәсіптік оқыту» мамандығының материалдары бойынша қызықты әрі мазмұнды көрме ұйымдастырған физика және ЖТП кафедрасының меңгерушісі Калакова Б.А. және аға оқытушы Комиссарова С.В. алғыс білдіреміз. Талапкерлермен қызықты кездесу өтті. Декандар мен кафедра меңгерушілері факультет және мамандықтар жөнінде ақпараттар берді. Талапкерлер назарына қарауға факультет өмірінен бейнебаян және презентация ұсынылды.

ЖМФ нің деканаты және факультет оқытушылары мен студенттері ең көркем де сұлу қыз атағына ие болған «География» мамандығының 4 курс студенті Гинкель Регинаны «Мисс КГПИ 2013» атануымен құттықтайды. Өз кезегімізде біз толағай табыс пен алдағы мемлекеттік емтихандарын жақсы тапсырып, диплом қорғауында саттілік тілейміз. «Мисс КГПИ 2013» байқауына қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.. Өмір саған жылы сөзін арнасын, Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын. Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан, Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.

Наурыздың 20-сы күні (2013 ж.) «Химия» мамандығының 3 курс қазақ бөлімі студенттерінің ұйымдастыруымен химия кафедрасында «Наурыз мейрамы» аталып өтілді. Мерекеге «Химия» мамандығының 1-3 курс орыс-қазақ топтары түгел қатысты. Әрбір топ қазақ халқының салт-дәстүрлерінен («Қыз ұзату», «Беташар», «Бесік салу», «Сыңсу», «Асық ату») көріністер дайындады және соларға қатысты сұрақтарға жауап берді. Іс-шара топтардың өзара жарысы түрінде өтті және әділ қазылар алқасы жұмыс істеді.

Наурыз - жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні - жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл - наурыз айының 22ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл - қыс бойғы қар көбісі сөгіліп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жанаратын шақ. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап, түйе боздап, бір малы екеуі болып аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа - жарқа мәз - мәйрәм шаттыққа бөленетін жайдарман шағы. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміздің үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы-наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін. Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойын жаратылыстану - математика факультеті атап өтті. Наурыз мерекесінде студенттер құда түсу, қыз ұзату рәсімін көрсетті. Өлендер айтылып, би билеп және наурыз көже ішті, ақ батасын химия ғылымының кандидаты Жумагалиева Батчан Мұқанқызы берді. Наурыз мерекесі өте қызықты тартымды өтті

17 наурызда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Парасат» пікірталас клубының ұйымдастырылуымен «Мемлкеттік жастар саясаты 2020 » концепциясына сәйкес арналған облыстық дебаттық турнирі өтті. Аталған турнирге жаратылыстану-математика факультетінің « Өркен» командасы (Арғынбайқызы Таңшолпан мен Байкенова Қаламқас) қатысып 3- орынға ие болды. Турнир тартысты да қызықты өтті. Біздің конманда өздерін белсенді ойындарымен таныта білді. «Өркен» командасы аймақтық турнирге жолдама алды. Біз оларға сәттілік тілейміз!

Кесте бойынша биология және география кафедрасының әдістемелік апталығы 25 ақпаннан 2 наурызға дейін өтті. Биология және география кафедрасының әдістемелік апталығы аясында келесі іс шаралар өтті. Дүйсенбі күні 25.02.2013ж., сағ 14.30, 814 ауд. өлкелік клуб «Саяхат» презентациясын өткізді. Іс-шараның басты мақсаты - 1 курс студенттерін өлкелік «Саяхат» клубына жұмысқа қызықтыру және жұмысқа шақыру болатын. Бұл іс-шараға қатысқандар «География» мамандығының 1-2 курс студенттері мен биология және география кафедрасының меңгерушісі Белан.О.Р мен кафедра мұғалімдері - Баубекова Г.К., Баймаганбетова К.Т., Коваль В.В., Омарова К.И., Ахметова Э.Б. Студенттердің «Саяхат» клубында ұйымдастырылған жұмыстары мен оның уақытында болуы. Бұл клубтың негізгі бағыты зерттеу жұмыстары мен ұымдасқан тәрбие жұмысы және факультетаралық шектеулі өлкеде белгілі болды.

28 ақпан күні Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтында «Парасат» пікірталас клубының ұйымдастырылуымен «Қазақстан -2050» стратегиясына арналған факультет аралық пікірталас турнирін ұйымдастырды. Аталмыш турнирге «Тобыл толқындары» (Есембек Саят, Байкенова Қаламқас) және «Өрлеу» (Арғынбайқызы Таңшолпан, Мурзаханов Мұратхан) топтары жаратылыстану-математика факультеті атынан ойнады. Пікірталас тартысты өтті, аталмыш топтар үшін алғашқы жарыс болғанына қарамастан біздің студенттеріміз белсенділік танытты. Турнир қорытындысы бойынша «Тобыл толқындары» 2-орын, «Өрлеу» тобы 3 - орынға ие болды. «Тобыл толқындары» асқан шеберлікпен көзге түсіп облыстық турнирге жолдама алды, сәттілік тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті