Наурыз мейрамы

18.03.13Наурыз - жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні - жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл - наурыз айының 22ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл - қыс бойғы қар көбісі сөгіліп, жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жанаратын шақ. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап, түйе боздап, бір малы екеуі болып аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа - жарқа мәз - мәйрәм шаттыққа бөленетін жайдарман шағы.

Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміздің үй-үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы-наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.

Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойын жаратылыстану - математика факультеті атап өтті. Наурыз мерекесінде студенттер құда түсу, қыз ұзату рәсімін көрсетті. Өлендер айтылып, би билеп және наурыз көже ішті, ақ батасын химия ғылымының кандидаты Жумагалиева Батчан Мұқанқызы берді. Наурыз мерекесі өте қызықты тартымды өтті

18.03.13

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз