ҚМПИ-да Ашық есіктер күні

emf29.03.13 1ЖМФ деканаты талапкерлерді тіркеуді ұйымдастырудағы жемісті жұмыстары үшін келесі оқытушыларға Ильяшенко М.А., Саналина С.М., Жигитова А.Б және «Биология» және «География» мамандығының 2-3 курс студентеріне алғыс білдіреді.

«Кәсіптік оқыту» мамандығының материалдары бойынша қызықты әрі мазмұнды көрме ұйымдастырған физика және ЖТП кафедрасының меңгерушісі Калакова Б.А. және аға оқытушы Комиссарова С.В. алғыс білдіреміз.

Талапкерлермен қызықты кездесу өтті. Декандар мен кафедра меңгерушілері факультет және мамандықтар жөнінде ақпараттар берді. Талапкерлер назарына қарауға факультет өмірінен бейнебаян және презентация ұсынылды.

Жоғары курс студенттері мен оқытушылар факультет аудиториялары мен зертханаларына экскурсия жасады. Талапкерлерді ашық зертханалық кешендер, заманауи құрылғылар(приборы) және география, биология, физика және химия, информатика пәндері бойынша жиынтықтар (коллекции) таң қалдырды әрі қызықтырды.

Көптеген талапкерлер академиялық және қаталдық мазмұндандамасын ұнатып математиканы таңдады. Бұл іс-шараның қызықты сәттерінің бірі, факультеттің ғылыми-зерттеу орталықтарына, музей және минералогиялық қорына арналды. Бірегей кеппешөптер, жиынтықтар (коллекции), минералдар және олардың химиялық мінездемелері, аймақтың флорасы мен фаунасының палеонтологиялық олжалары, студенттердің ғылыми жұмыстары, біздің факультеттің мамандықтарын талапкерлерге іштен көріп-білуге мүмкіндік берді. Және көптеген талапкерлер, міндетті түрде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, жақсы дәстүрлері бар факультеті, жаратылыстану-математика факультетіне оқуға түсу керек деген пікірде кетті.

29.03.13

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз