Биологтар көктемнің келуін "Құстар күнің" мерекелуімен белгіледі

01.04.13Мерекенің ашылуы ЖМФ деканы Қонысбаева Д.Т. құттықтау сөзімен басталды. Одан әрі студенттерді дәстүрлі түрде ҚМПИ БЭБ ҒЗО директоры, бедвочерлер клубының жетекшісі Брагина Т.М. және клубтың ғылыми кеңесшілері Брагин Е. А. және Валяева Е. А құттықтады.

Ресми түрде 1 сәуір бүкіл әлемде Халықаралық «Құстар күні» деп танылған. Жыл сайын биология мен география кафедрасында осы күнге арналған іс-шаралар өткізіледі.

«Ғаламшардағы көршілер» атты іс-шараны кафедра оқытушылары Брагина Т.М., Брагин Е.А., Рулева М.М., және ҚМПИ БЭБ ҒЗО демеулігімен «Фифи» бедвочерлер ұйымы, ҮЕҰ,және ҚБСА өткізді.

Мерекенің ашылуы ЖМФ деканы Қонысбаева Д.Т. құттықтау сөзімен басталды. Одан әрі студенттерді дәстүрлі түрде ҚМПИ БЭБ ҒЗО директоры, бедвочерлер клубының жетекшісі Брагина Т.М. және клубтың ғылыми кеңесшілері Брагин Е. А. және Валяева Е. А құттықтады.

Сонымен қатар студенттерді түлеп кеткен түлектер де құттықтады, солардың ішінде соңғы жылдардың ішіндегі ең үздік бедвочерлер Андрееева Е. және Ерохина И.

Құттықтау сөздерден кейін бедвочерлер клубының көшбасшысы Мензелинцева Е. Құстар күнін тойлаудың маңыздылығын атап өтті, қатысушыларға пайда болу тарихын айтып, Андреева Е. «2013 – Жыл құсы» Шиқылдауық қаз туралы айтып, мемлекеттің оның түрін сақтауға бағытталған шаралар туралы хабар берді.

01.04.13
Бедвочерлер клубы толық құрамда!

Ресми бөлімнен кейін студенттер мен қонақтардың қатысуымен «Құстар білгірлері» атты ойыны өткізілді, ол бес категория бойынша өтті. Ойын барысында қатысушылар құстарды дауыстары мен бенесі бойынша тауып отырды. Ал көрсетілген музыкалық сайыс студенттердің құстар бойынша толыққанды хабардар екендігін дәлелдеді.

Екі сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша мадақтама қағаздармен марапатталды: «Құстар білгірі», «Құстарды аялаушы» және «Құстардың достары» Бірінші орындарды бірінші курс студенттері биологтар иеденді: Алексеев Игорь және Султанова Лунара, ал үшінші орынды №22. ОМ 7 Б сынып оқушысы Воеводина Анна ұтып алды.

Осы шарада «Биология» мамандығының бірінші курстан үшінші курсқа дейінгі студенттер қатысып, аудитория татуластық және студенттік көңілге толықты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Биологтар көктемнің келуін "Құстар күнің" мерекелуімен белгіледі