Химия кафедрасындағы «Наурыз мейрамы»
- Подробности
- Опубликовано: 20 марта 2013
Әсіресе, 3курс орыс тобының «Беташар» рәсімі бәрінің көңілінен шықты. Волковская Н. мен Жұмабеков Ж. орындаған әндері өте тартымды болды. Барлық топтар да сыйлыққа ие болды.
Наурыздың 20-сы күні (2013 ж.) «Химия» мамандығының 3 курс қазақ бөлімі студенттерінің ұйымдастыруымен химия кафедрасында «Наурыз мейрамы» аталып өтілді. Мерекеге «Химия» мамандығының 1-3 курс орыс-қазақ топтары түгел қатысты. Әрбір топ қазақ халқының салт-дәстүрлерінен («Қыз ұзату», «Беташар», «Бесік салу», «Сыңсу», «Асық ату») көріністер дайындады және соларға қатысты сұрақтарға жауап берді. Іс-шара топтардың өзара жарысы түрінде өтті және әділ қазылар алқасы жұмыс істеді.
Әсіресе, 3курс орыс тобының «Беташар» рәсімі бәрінің көңілінен шықты. Волковская Н. мен Жұмабеков Ж. орындаған әндері өте тартымды болды. Барлық топтар да сыйлыққа ие болды.