2015 жылдың 22 желтоқсанында жаратылыстану-математика факультетінің 4 курс студенттері Облыстық балалар үйіне барып қайтты. Әртүрлі ойындар ойналып, ән мен би, қызықты бағдарламалар өткізілді, соңында сыйлықтар берілді. Балалар қызықты іс-шара өткізген студенттерге алғыстарын білдіріп, ұзаққа дейін жібергісі келмеді.

2015 жылы қараша айының 30 жұлдызында жаратылыстану ғылымдар кафедрасының доценті Баян Баймагамбетовна Уразымбетова және 3 курс көптілді «Биология» мамандығының жауапкершілігімен бүкіл әлемдік АҚТҚ және ЖҚТБ –ға қарсы күнге орай іс –шара өткізілді.

2015 жылғы қараша айының 11-ші жұлдызында ҚМПИ АКО оқырман залында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жайна менің Қазақстаным!» атты интеллектуалды ойын өткізілді.

ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастырудың қазіргі заманауи талаптарына сәйкес ҚМПИ оқытушылары өткен жылы шетелдерде және еліміздің жетекші ЖОО-да әр түрлі деңгейдегі тәжірибе алмасу курстарында болды, оның нәтижесі оқу үдерісінде жүзеге асырылып жүр.

2015 жылғы 29 қазанда жаратылыстану-математика факультетінің студенттері жалпы қалалық сенбілікке белсене атсалысты. Сенбілік мақсаты – студент жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оларды еңбекке баулу және қоршаған ортаға адамзаттың қарым-қатынасы секілді құндылықтар мен қала тазалығы үшін әлеуметтік жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу дәстүрлерін сақтау болып табылады

2015 жылғы 27 қазан күні, ҚМПИ ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Бaймырзаев, 5В011300- Биология мамандығының 4 курс студентін Маруарова А. 3 орын алған үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысқан үшін дипломымен марапаттады.

Информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының аға оқытушылары Оспанова Ш.Б. мен Радченко Т.А. 2015-2016 оқу жылының басында, Ерсултанова З.С. мен Хасанова С.Б. 2014-2015 оқу жылында Алматы қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ҚР ЖОО педагогикалық мамандық оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша оқып келді.

24.10.2015 жылы М.Горький атындағы мектеп – гимназиясында Новиков Виктор Николаевич доцентін еске алу кешіне арналған III Облыстық турнир болды. Турнир аясында 1-11 сыныптар үшін шахмат турнирі, 7-11 сыныптар үшін «Математикалық карусель», 9-10 сыныптар үшін физикадан интернет-олимпиада өтті.

2015 жылы қазан айының 23 жұлдызында Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының қабырғасында «Әлем тарихы» тақырыбында факультет аралық жайдарман-маусым ашар ойыны өтті.

Көк аспанда қиқулап, үшбұрыш боп сап құрған тырналардың оңтүстікке қарай бет алғаны - біздің жерімізге күздің келгені. Табиғаттың осы бір тамаша құбылысын келер көктемге дейін, тырналардың қиқулап елге оралғанын есте қалдыру үшін, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында міне, бірнеше жылдан бері «Тырналар» күні мерекесін атап өту әдетке айналған

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті