Тырналар күні - 2015

emf 20.10.15 day of craneКөк аспанда қиқулап, үшбұрыш боп сап құрған тырналардың оңтүстікке қарай бет алғаны - біздің жерімізге күздің келгені. Табиғаттың осы бір тамаша құбылысын келер көктемге дейін, тырналардың қиқулап елге оралғанын есте қалдыру үшін, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында міне, бірнеше жылдан бері «Тырналар» күні мерекесін атап өту әдетке айналған. Бұл күні жаратылыстану кафедраларының студенттері мен оқытушылары өздерінің топтарында табиғат, оның әсемдігі мен жан-жануарларды қорғау тақырыбына арналған 2015 жылдың қазан айының 20 жұлдызында іс-шара өткізді. Туған табиғатымызды аялау, оның байлығын арттыру - біздің бәріміздің міндетіміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз