«Оқу үдерісінде инновациялық оқыту технологияларын қолдану»
- Подробности
- Опубликовано: 10 ноября 2015
ЖОО-да оқу үдерісін ұйымдастырудың қазіргі заманауи талаптарына сәйкес ҚМПИ оқытушылары өткен жылы шетелдерде және еліміздің жетекші ЖОО-да әр түрлі деңгейдегі тәжірибе алмасу курстарында болды, оның нәтижесі оқу үдерісінде жүзеге асырылып жүр.
Сонымен, 2015 жылдың 10 қарашасында жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары арасында шетелдерде біліктілікті көтеру қорытындысы бойынша «Оқу үдерісінде инновациялық оқыту технологияларын қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Басты мақсат Ұлыбританияда Ньюкасл қаласында тәжірибе алмасудан өткен кафедра оқытушыларының тәжірибесін қамту болды.
«Международный обучающий семинар «Enhancing Learning and Teaching in Higher Education (ELTHE)» Newcastle University (Newcastle, England)» тақырыбындағы баяндамамен б.ғ.к., доцент Белан О.Р., биология магистрі, оқытушы Ахметчина Т.А. сөз сөйледі, сонымен қатар химия магистрі, оқытушы Кобец Т.С. «Using the technology of "Project learning" in the educational process in the discipline "Physical methods of research in chemistry"» тақырыбында баяндама жасады.Әдістемелік семинарға жаратылыстану-математика факультетінің деканы Сухов М.В., жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Конысбаева Д.Т., стратегиялық даму мен білім инновациялары бөлімінің маманы Ищанова Р.С., сонымен қатар кафедра оқытушылары қатысты.Семинарда тәжірибе алмасу кезінде алған білімдерін практикада қолдану аспектілері талқыланды, оларды тиімді қолдану арқылы жүйелік бақылау, мәліметтерді талдау және нәтиже шығара білу басты бағыттары есепке алынды.