«Жайна менің Қазақстаным!»

11.11.152015 жылғы қараша айының 11-ші жұлдызында ҚМПИ АКО оқырман залында Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Жайна менің Қазақстаным!» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынның мақсаты: студенттердің Қазақстан тарихына қызығушылығын, қазақ халқының салт-дәстүрлері жайында білімдерін арттыру. Логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, топпен жұмыс істеп, ұйымшылдық танытуға, шешім қабылдап, өз мойнына жауапкершілік алуға үйретіп, көмектесу. Жаратылыстану-математика факультетінің тобы бірінші орынға ие болды. Ойын жоғары дәрежеде және жақсы көңіл-күймен өтті. Барлық ойыншылар ұйымдастырушыларға риза болды. Жүлделі орындардың иегерлері мақтау қағаздар және сыйлықтармен марапатталды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз