Новиков В.Н. еске алу кешіне арналған III Облыстық турнир

24.10.1524.10.2015 жылы М.Горький атындағы мектеп – гимназиясында Новиков Виктор Николаевич доцентін еске алу кешіне арналған III Облыстық турнир болды. Турнир аясында 1-11 сыныптар үшін шахмат турнирі, 7-11 сыныптар үшін «Математикалық карусель», 9-10 сыныптар үшін физикадан интернет-олимпиада өтті.
Іс – шараның ұйымдастырылуына және өткізілуіне Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының физико-математика және жалпы техникалық пәндер кафедрасының оқытушылары белсенді қатысты: Калаков Б.А., Демисенов Б.Н., Телегина О.С., Омарова Ж.М., Нупирова А.М., Мнайдарова Ж.С., Шевченко И.М. Іс – шараның өткізілуіне «Математика» және «Физика» мамандықтарының 3-4 курс студенттері де тартылды.Осы іс – шара дәстүрлі болып табылады. Әр жыл сайын қатысушылар саны өсуде, курестер қиын болуда; қатысу үшін жоғары нәтижелер көрсеткен үздік мектеп оқушылары іріктелініп алынды.. Осы жылы Қостанай қаласы және Қостанай облысы бойынша 45 мектеп қатысты. Физикадан интернет – олимпиадаға 90 адамнан тұратын 30 топ қатысты.Кафедра оқытушылары марапаттау кезінде турнир қатысушыларымен және олардың ғылыми жетекшілерімен кәсіптікбағдарлы жұмыстар өткізді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті Новиков В.Н. еске алу кешіне арналған III Облыстық турнир