2014 жылдың 26 қараша айында жаратылыстану-математика факультетінде «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы талқыланды. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер қауымымен кездесуде оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, философия докторы, профессор М.Төлеген ұжым мен студенттер алдында тұрған Жолдауды іс жүзінде іске асыру бойынша негізгі міндеттерді анықтап, сөз сөйледі.

2014 жылдың 22 қараша айында жаратылыстану-математика факультетінде ЖҚТБ және туберкулездің алдын-алуына арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты Қостанай облысының, Қазақстанның ЖҚТБ/АҚТҚ және туберкулездің таралуы туралы ақпарат деңгейін жоғарлату, олардағы профилактикалық білімдері мен дағдылары тәрізді түрткілерін қалыптастыруға ықпал жасау болып табылады.

2014 жылдың қараша айының 22-ші жұлдызында 10 жылдық мерейтойының қарсаңында «Парасат» дебаттық клубы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне арналған факультетаралық турнир өткізді. Турнирдің мақсаты ұлт көшбасшысы, ҚР тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы білімдерін кеңейту болып табылады.

Қараша айының 20-21 күндері аралығында Астана қаласында «Жаңа заманға – озық технология» атты XV Республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Оған біздің институтымыздан информатика және компьютерлік технологиялар кафедрасының студенттері: Асанова Гаухар, Нурмагамбетова Айгерим, Ысламбек Нұрбол, Самбетов Нұржан қатысты.

Көптілдік орталығы жаратылыстану ғылымдары кафедрасы және шет тілдер кафедрасының оқу-әдістемелік бөлімімен бірлесе отырып, 19 - 21 қараша аралығында «Көптілдік топтарда біріктірілген сабақтар өткізудің әдістемесі» тақырыбында үшкүндік семинар ұйымастырды.

20 қараша 2014 жылы студенттік жатақханада аға оқытушылар Асканбаева Г.Б., Доспулова У.К. ҚР бірінші Президенті күніне арналған поэзиялық кеш ұйымдастырылып, өткізілді. Математика мамандығының орыс және қазақ бөлімдерінің 1 курс студенттері өлеңдер оқып, ән айтты. Қатысушыларды патриоттық сезім бойлады.

2014 жылы қарашаның 14-ші жұлдызында ф.-м.ғ.к., Демисенов Б.Н. ұйымдастыруымен «Математика» мамандығының 3-4 курс студенттерінің арасында математикалық сайыс өткізілді. Нәтижесінде 4 курс студенттері жеңіске жетті.

13 қарашада «Фифи» бедвочерлер клубы ҚМПИ ҒЗО ЭБМ/А Ұ Науырзым және РҚҰ ҚБСА тырна Күнін дәстүрлі түрде мерекелеп өтті. Бұл мерекеде жаратылыстану-математика факультетінің «Биология», «География» мамандығының 1-курс студенттері және жоғары курстар да білім алатын клубтың мүшелері белсенді қатысты.

2014 жылдың 13 қараша айында МНМ-нің оқу үрдісін ұйыдастыру барысында әдістемелік көмек көрсету үшін МНМ-іне барды. Кафедраның оқытушылары Шакеева Р.Ж., Уразымбетова Б.Б., Байкенов Е.А., "Биология" мамандығының 4-курс студенті Алина Ақнұр шағын мектептер мәселелері жөнінде Қостанай ауданының Молокановка негізгі мектебіне барып келді.

Қарашаның 12-ші жұлдызында «Химия» мамандығының 2 курс студенттері «Ы.Алтынсарин атындағы мектепке 150 жыл» тақырыбына кураторлық сағат өткізді. «Химия» мамандығының 3 курс, 1 курс студенттері және оқытушылар Жұмағалиева Б.,Абдыкаликова К., Ергалиева Э. қатысты. Ахметова А, Ахмет А, Ардакова Э, Молдашева А, Райымқұлова М, Бекбенбет Ж баяндамалар жасады. Мади Р. Бұл мектептің ашылуына Б.А.Бірімжановтың ата-бабаларының қосқан үлесін айтты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті