«Көптілдік топтарда біріктірілген сабақтар өткізудің әдістемесі»
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2014
Көптілдік орталығы жаратылыстану ғылымдары кафедрасы және шет тілдер кафедрасының оқу-әдістемелік бөлімімен бірлесе отырып, 19 - 21 қараша аралығында «Көптілдік топтарда біріктірілген сабақтар өткізудің әдістемесі» тақырыбында үшкүндік семинар ұйымастырды. Алғашқы күні орталық мамандары семинар тақырыбы бойынша кіріспе жасады. Екінші күні семинарды «CLIL activities in the classroom» тақырыбымен шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Балжанова А.М. өткізді. Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы Демесенов Б.М. біріктірілген сабақтарды өткізудің әдістемесін қолдана отырып, «The types and functions of bone tissue. Bone formation» тақырыбында ашық сабақ беру арқылы семинарды қорытындылады.