2016 жылғы 16 наурызда А-205 аудиториясында Наурыз мейрамы қарсаңында «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушы командалар сұрақтарға ойдағыдай жауап беріп, жақсы нәтижелер көрсете алды

2016 жылдың наурыз айының 15 жұлдызында «5В010900-Математика» мамандығының 1 курс студенттерімен кураторлар Беркімбай Р.Ә. және Мнайдарова Ж.С. студенттер жатаханасында «Хош келдің әз- Наурыз» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – Наурыз мейрамын студенттермен атап өту және қазақ халқынын салт-дәстүрін көрсету, халықтар достығын насихаттау.

2016 жылғы наурыз айының 4 жұлдызында жаратылыстану-математика факультетінің жігіттерімен Халықаралық әйелдер күніне орай құттықтау концерті ұйымдастырылды.

2016 жылдың ақпан айының 26 жұлдызында «Математика» мамандығының 1 курс студенттеріне куратор Беркімбай Р.Ә. «Президент жолдауы – болашақтың нақты бағдарламасы» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – Президент жолдауын студенттерге насихаттау және жолдауды олардың қаншалықты меңгергенің тексеру. Кураторлық сабақта Қиялова Аида 3 турдан тұратын сайыс өткізді: «Бәйге», «Дода», «Тапқыр болсаң тауып көр»

ЖОО инновациялық жыл шегінде 19.02.16ж. жаратылыстану ғылымдары кафедрасы «Биология» мамандығының 3 курсында аға оқытушы, биология магистрі Божекенова Ж.Т. «Өсімдіктер физиологиясы» пәні бойынша «Пигменттердің химиялық және оптикалық қасиеттері» тақырыбында ашық зертханалық сабақ өткізді.

ЖОО-да инновациялық жыл болуына орай 17.02.16ж жаратылыстану ғылымдары кафедрасында оқытушы, магистр Э.М.Ергалиева химия мамандығының 3 курс студенттері үшін «Биохимия» пәнінен «Ұйытқы және витаминдер» тақырыбы бойынша ашық семинар сабағын өткізді.

Қазақ халқының тұрмысының және ескі салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың сақталуы мен қайта жаңғыруы мақсатында «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» атты ұранымен өткізілген «Қыран жігіт-Аққу қыз» атты факультетаралық байқау жоғары дәрежеде өткізілді. Байқау 2016 жылдың 17 қаңтар айында өтті.

Жаратылыстану ғылымдарының кафедра апталығы шеңберінде 15-ақпанда 2016 "Статистика. MSExcel көмегімен зерттеу нәтижелерін өңдеу және ұсыну" атты оқытушылар мен студенттерге арналған әдістемелік семинар өтті.

Кафедра апталығының жоспары бойынша Информатика және КТ кафедрасы 2016 жылғы 12 ақпанында «Білім берудегі инновациялық технологиялары» (тренерлерді дайындау курстарының материалдары бойынша) ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

2016 ж. 12 ақпанында «Информатика» мамандығының 1 курс студенттеріне «Информатиканың теориялық негіздері» пәні бойынша «Ақпараттық жүйелерді автоматтандыру» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақты өткізген кафедраның аға оқытушысы, ж.ғ.м. – Хасанова С.Б.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Жаратылыстану-математика факультеті