«Президент жолдауы – болашақтың

16.02.262016 жылдың ақпан айының 26 жұлдызында «Математика» мамандығының 1 курс студенттеріне куратор Беркімбай Р.Ә. «Президент жолдауы – болашақтың нақты бағдарламасы» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – Президент жолдауын студенттерге насихаттау және жолдауды олардың қаншалықты меңгергенің тексеру. Кураторлық сабақта Қиялова Аида 3 турдан тұратын сайыс өткізді: «Бәйге», «Дода», «Тапқыр болсаң тауып көр». Бірінші «Бәйге» турына барлық студенттер қатысты. Бірінші тур жеңімпаздары екінші «Дода» турына өтті. Екінші турдың жеңімпаздары үшінші турға «Тапқыр болсаң тауып көр» қатысты. Осы 3 турдан студент Өскен Ляззат жеңімпаз болып шықты. Студенттер сайысқа белсенді қатысып, Президент жолдамасын жақсы игергендіктерін көрсете білді. Кураторлық сабаққа кафедра оқытушылары Асканбаева Ғ.Б., Доспулова У.К., Мнайдарова Ж.С. қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз