«Қош келдің, әз – Наурыз!»

16.03.152016 жылдың наурыз айының 15 жұлдызында «5В010900-Математика» мамандығының 1 курс студенттерімен кураторлар Беркімбай Р.Ә. және Мнайдарова Ж.С. студенттер жатаханасында «Хош келдің әз- Наурыз» атты кураторлық сабақ өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – Наурыз мейрамын студенттермен атап өту және қазақ халқынын салт-дәстүрін көрсету, халықтар достығын насихаттау. Кураторлық сабақты 1 курс студенттері Несіпбек Мадияр және Воронина Ольга жүргізді. Кураторлық сабақта қазақтың салт-дәстүрі «Бесікке салу» көрсетілді және ұлттық ойын «Сақина салу» ойналды. Ойын кезінде сақина түскен студенттер Макарова Катя, Казмаганбет Ербол өз өнерлерін көрсетіп ән салып, тақпақ айтып, би биледі. Сонымен қатар студентка Өскен Ляззат «Мен көктеммін» атты өз шығармасын оқыды, Қамбарбек Ақерке ұйғыр биін биледі, ал студентка Сапақ Назерке ойын ұйымдастырды. Онда шарларға халықтың тұрмыс салтына байланысты сұрақтар салынып, оны жарған студент сол сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ ұлт тағамдары, наурыз көже дайындалып арнайы стол жасалды. Іс-шара аяқталған соң келген конақтар, студенттер астан дәм татты. Студенттер кураторлық сабаққа белсенді қатысып, халықтың салт-дәстүрін жақсы білетіндіктерін көрсете білді. Кураторлық сабаққа Жаратылыстану- математика факультеті деканының орынбасары Ахметчина Т.А. және кафедра оқытушылары Асканбаева Ғ.Б., Доспулова У.К. Алимбаев Алибек, Ергалиева Әйгерім қатысты.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз