«Білім берудегі инновациялық технологиялары» семинар
- Подробности
- Опубликовано: 12 февраля 2016
Кафедра апталығының жоспары бойынша Информатика және КТ кафедрасы 2016 жылғы 12 ақпанында «Білім берудегі инновациялық технологиялары» (тренерлерді дайындау курстарының материалдары бойынша) ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинарда Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетімен бірлесіп құрастырған деңгейлік бағдарламадағы модульдерді оқу үрдісінде қолдану сұрақтары.
Теориялық бөлімінде аға оқытушы Даулетбаева Г.Б. семинардың тақырыбы, яғни деңгейлік бағдарламаның жеті модулі туралы баяндады:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету;
3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау;
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Семинардың практикалық бөлігінде кафедра оқытушыларымен тренингтер өткізудегі сергіту жаттығулары өткізілді. Олардың мақсаттары келесі болды:
- Түсініктер арасындағы байланыстарды ажырата алу, жұптасу, топтарға бірігу;
- Ақпаратты әртүрлі көзқарас арқылы қабылдай алуды машықтану;
- Ойлау қабілеттерін дамыту;
- Кеңістікте ойлауды дамыту;
- Заңдылықтарды табу;
- Кейбір жауаптар қалыпты ойлаудың шектерінен шығатынын көрсету.
Нәтижелерді талдау арқылы семинарға қатысушылар сабақта ойын технология элементтерін пайдалану тиімділігін бағалай алды.